Тіректік құрылымдар
Цитоскелет (цитоқаңқа) қозғалмайтын қаңқа емес, тығыз филаменттер (талшықтар) мен қуыс түтіктерден (микротүтікшелерден) тұратын майысқақ күрделі жүйе.
Цитоскелеттің компоненттері микротүтікшелер мен тығыз филаменттер (талшықтар). Филаменттер диаметріне байланысты жіңішке (6-7 нм), аралық (8-10 нм) және жуан (15-20 нм) филаменттер болып бөлінеді.
Цитоскелеттік элементтер жасушаның ішкі тірегін кұрайды, жасушаларды өзара байланыстыру қызметін атқарады және жасушалық қозғалыстарға қатысады.
Филаменттер жасушаның шетінде жиналған немесе цитоплазмада тегіс орналасқан тор құрайды.
Аралық филаменттердің (жіп тәрізді құрылымдар) қасиеттері жасушалардың әр түрлі типтерінде түрліше болады. Мысал ретінде эпителий жасушаларындағы кератиндерді мехензималық жасушалардағы виментенді, бұлшық ет жасушаларындағы десминді, нерв жасушаларындағы нейромиламенттерді немесе нейрофибриллаларды атауға болады. Басқа цитоскелеттік элементтер барлық жасушаларда кездеседі, бірақ жасушалардың типіне байланысты олардың құрылысы түрліше болуы мүмкін. Олар қимыл және құрылымдық қызметтер атқарады. Бұған жататындар актин-миозин жүйесі мен микротүтікшелер жүйесі – динеин мен клатрин.
Достарыңызбен бөлісу: |