Жасушаның қозғалысы
Биологиялық қозғалыстың түрі мен атқаратын қызметі алуан түрлі.
Жасушалық қозғалыстың негізгі формалары амеба тәрізді қозғалыс, цитоплазмалық қозғалыс (циклоз), талшықтар мен кірпікшелер және оларға ұқсас құрылымдардың қозғалысы. Жиырылғыш жүйенің жоғары дәрежеде жетілген түрі бұлшық еттік қозғалыс.
Цитоплазманың қозғалысы
Өсімдіктер жасушаларының көпшілігінің және жануарлардың кейбір жасушаларының цитоплазмасы үнемі айналып қозғалып тұрады. Жануарлар жасушаларына қарағанда өсімдікгер жасушаларында цитоплазма тез қозғалады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің жапырақтарының жасушалары-ның және қайсыбір балдырлардың жасушаларының цитоплазмасының ағысы тез жүреді. Миксомицеттердің плазмодияларында цитоплазманың қозғалысы цитоплазманы алмастырумен шектелмейді, сонымен бірге плазмодияның өзін де қозғайды.
Барлық жасушаларда байқалған цитоплазманың қозғалып араласып тұруы түрліше жүреді және цитоплазманың морфологиялық құрылысына, ондағы алмасу жағдайына, температураға т.б. байланысты.
Цитоплазманың қоззғалысына энергия қажет. Энергия АТФ-тың макро-эргалық фосфаттың байланыстарының ферменттік ыдырауынан пайда болады. Тірі жасушаға АТФ енгізсе, олардың цитоплазмалық қозғалысы үдейді. Цитоплазмалық қозғалыс анаэробиоз кезінде де мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |