Актин-миозиндік жүйе
Актин мен миозин бірінші рет бұлшық ет жасушаларында байқалған қимыл жүйесіне жауапты белоктар. Қазіргі кезде барлық жасушаларда болатыны анықталды. жіңішке актиндік филаменттерді (жіптерді) «цитосүйектер», ал жуан миозиндік филаменттерді – «цитобұлшық еттер» деп атайды.
Актиндік филаменттер әдетте цитоплазманың бір шетінен екінші шетіне созылып жататын плазмалық мембрананы бекітетін жіңішке шоғырларды құрайды.
Актиндік филамент қалыңдығы 6-7 нм шырмалған екі жіптен тұрады. Коллаген және кератин сияқты жіп тәрізді құрылымдардан актин жіптерінің айырмасы фибриллалық белоктардан емес, ұсақ белоктік глобулалардан «шардан) тұрады.
Актин бірнеше функция атқарады. Мысалы, жасушанң пішінін сақтаумен оның өзгеруіне, митозға, жасушалардың қозғалуына, протоплазманың қозғалысына және т.б. қатысады.
Миозин өзінің құрылымы жағынан актиннен өзге. Миозин екі ауыр және екі-төрт жеңіл тізбектен тұратын ірі белок. Бүлшық ет талшықтарында миозин молекулалары жуан жіптер деп аталатын шоғырлар құрайды. Миозин пиктин сияқты скелет еттерінде болумен бірге жасушалардың басқа көптеген типтерінде де кездеседі, бірақ оның саны актинге қарағанда аз болады. Мидың жасушаларында миозиннің мөлшері 0,5% (актин 10%), фибробласт-лердің жасушаларында – жалпы белоктың 3% кұрайды. Әр түрлі жасушалардан алынған миозиндер бір-біріне ұқсас болады. Сүткоректілердің скелет еттерінде баяу және тез жиырылатын миозиндер деп аталған миозиндердің түрлері табылған. Бұлшық ет жасушаларының дамуының ертерек кезеңінде миозинніц бұл екі типі бірдей кездеседі. Кейін олар тез және баяу жиыры-латын талшықтарға (жасушаларға) бөлінеді. Талшық бірнеше нейрондармен нервтелгенде баяу бұлшық ет қозғалыстарында баяу жиырылушы миозин басым болады.
Актин мен миозин өзара байланысып актомиозин комплексін құрайды. Актин өз бетінше жиырыла алмайды. Оның жиырылуы үшін энергияны айналдыра компонент болуы қажет. Бұның міндетін миозин атқарады. Бұлшық ет жиырылуының реттелуін бақылайтын екі жүйе болады. Осы екі жүйеде миозиннің АТФ-азалық белсенділігі Са2+ иондарымен индукция-ланады. Са2+ иондары жоқ ортада актин мен миозин әрекеттеспейді. Бұлшық ет жасушалары мен жасушалардың басқа типтерінде Са2+ иондары цитопла-змадан Са2+ насосының көмегімен шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |