Баяндама тексерген: Аққожина. Б. А орындаған: Турдакунова. А 117группа «Тілдің шығуы мен дамуы» Тіл



Дата17.02.2023
өлшемі17,19 Kb.
#169182
Байланысты:
БӨЖ2


БАЯНДАМА
Тексерген:
Аққожина.Б.А
Орындаған: Турдакунова.А 117группа


«Тілдің шығуы мен дамуы»

Тіл - адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде туып, заңды түрде дамыған семантикалық жүйе. Оның ең басты қызметі ақпарат хабарлардың жасалу, сақталуымен және оларды таратумен байланысты. Тіл адамды қоршаған шындық өмір туралы білімді сақтаумен бірге, жаңа білімді қабылдайтын, адамның ойлау процесін жетілдіріп қамтамасыз ететін қоғамдық сипаты бар құбылыс.
Тілдің шығуы – адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты, алғашқы адамдамың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылықарым-қатынас қажеттілігінің етелуі. Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын – қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі кернекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды. Дыбыстап сөйлеудің шығуына дыбыс шығару қабілеті тікелей әсер етті. Тілдік қарым-қатынастың пайда болуы қоғамдық сананың қалыптасуымен орайлас. Адамды адам еткен – тіл. Тілдің шығуы – адамның әлеуметтік тіршілік иесіне айналуының алғышарты. Дыбыстап сөйлеудің пайда болуы адамға тән екінші сигнал жүйесін қалыптастырды (сөз тітіркендіргіш қызметін атқарды, реакция туғызды). Сөздің пайда болуы адамдар арасындағы қатынасты жетілдіріп, қоршаған орта құпиясын ашатын ойлаудың жаңа сатысын туғызды. Тілдің шығуы мен жекелеген тілдердің пайда болуын шатастыруға болмайды. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі тілдің саны 3 мыңнан асады. Бірақ олардың бәрінің субстраты – біреу, ол – адамды қоршаған орта, міндеті де біреу, ол қарым-қатынас құралы қызметін атқару. Тілдің шығуы теориялық тұрғыдан алғанда, қазіргі адамның (homo sapiens) пайда болумен түспа-тұс келеді.
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді.
Адамзат теоремасының пайда болу теориясының ғылыми негізін К.Маркс пен Ф.Энгельс жасады.Олар: Тіл де сана сияқты басқа адамдармен қарым – қатынас жасасу мұқтаждығынан және қажеттіліктен туды», - дейді.
Дыбысқа еліктеу теориясы — тілдің шығуы туралы теориялардың бірі. Бұл теория бойынша тіл адамның табиғи дыбыстық және дыбыстық емес белгілерге еліктеуінен туған. Дыбысқа еліктеу теориясын жақтаушылар дыбысқа еліктеуді дыбыстың дыбысқа еліктеуі және дыбыстық символизм түрінде кең мағынада түсінген. Дыбысқа еліктеу теориясын ұсынған стоиктер (б. з. д. 3 ғасыр), ол кейін Г. В. Лейбниц, И. Г. Гердер еңбектерінде дамытылған. Бұл теорияның күшті жағы дыбыс пен мағынаның алғашқы байланысын және оның табиғи екенін мойындағандығында. Дыбысқа еліктеу теориясы жақтамайтындар бұл теорияның әлеуметтік жағдайларды ескермейтінін, дыбысқа еліктеуді тым асыра бағалайтының сынай отырып, дыбысқа еліктеудің манызын төмендетті, дыбыстық символизмді жоққа шығарды. 20 ғасырдың 50—80 жылдарында зерттеулер дыбыска еліктеу, дыбыстық символизм ым қимылымен бірге тілдің шығуында аса манызды қызмет атқарғаның айқын дәлелдеді.
Г.Лейбниц (1646-1716) аталған теорияны былай түсіндіреді: Алғашқы адамдар жануарлардың дауыстарын,құстардың сайрауын, желдің гуілін және судың сылдырын естіп,соларға елыктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарған.Сол дыбыстардан алғашқы сөздер жасалып,олар заттардың атауына айналды,-дейді.
Бұл теория тілдің пайда болуының әлеуметтік себебін ескермеді.Дыбысқа еліктеу теориясын жақтаушылар тілді «табиғат сыйы» , «құдай жаратты» деп қарайды.Ал шындығында тіл қоғамның жемісі.Ол қоғамдағы адамдардың қарым-қатынас жасасу қажеттілігінен туған.
Мысалы осы теорема бойынша жаңбырдың жаууынан тырс-тырс деген дауыс шығатыны бәрімізге белгілі,бірақта біз білеміз ол жаңбырдың дауысынан ешқандай жаңа сөз шықпайтынын.Сондықтанда бұл теорема қате болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет