Бактерияның қозғалу аппараты
Бактериялар талшықтар арқылы қозғалады. Бактериялардың талшықта-ры эукариондық жасушалардың талшықтары мен кірпікшелерінен өзге. Бактериялар талшықтарының кұрылысы күрделі, үш негізгі бөліктерден тұрады: сыртқы ұзын жіптен (талшықтың өзі), қармақшадан базальдік денешіктен. Талшықтың жібі флагелин белогінен тұрады. Жасуша бетіне жақындаған кезде талшықтың жібі қармақ деп аталатын жуан участікке айналады. Оның ұзындығы 45 нм шамасында және басқа белоктан тұрады. Бактериялық базальдік денешік эукариондық жасушалардың базальдік дене-шігіне ұқсамайды. Кармақпен байланысқан стержені мен төрт сақинадан тұрады. Бактериялық талшықтардың қозғалысы АТФ тәуелді емес, плазма-лық мембрананың бетіндегі потенциалдар айырмасы арқылы қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |