Лекция жинағы Шымкент 2019


Тақырыбы: Ядро. Хромосомалар мен ядрошықтар. Кариотип



бет58/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Тақырыбы: Ядро. Хромосомалар мен ядрошықтар. Кариотип

Жоспар:

1. Ядро, құрылысы мен химиялық құрамы.

2. Ядрошық, кариоплазма, ядро матриксі, ядро қабаты.

3.Хромотин және хромосома. Хромотиннің химиялық құрамы
Ядро өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының тұрақты құрылымдық бөлігі. Адам мен кейбір жануарлар организмдерінің эритроциттерінде ядроның болмауы олардың жеке дамуындағы белгілі кезеңінде жойылып кетуіне байланысты.

Өткен ғасырдың аяқ кезінен бастап ядроның екі күйін ажыратады: митоздық және интерфазалық. Интерфаза кезінде ядрода жалпы жасушадағы-дай сияқты алмасу процестері жедел жүреді. Осыған байланысты интерфаза-лық ядроның, тыныштық күйіндегі ядро деп қарастыратын ескі түсініктің қазіргі кезде тарихи ғана маңызы бар. Түрлі жасушаларда ядроның пішіні әр түрлі болады. Ядролардың көпшілігі шар немесе эллипс пішінді келеді. Көбінесе жасушаның пішініне тәуелді.

Физиологиялық белсенділігі жоғары жасушаларда ядроның пішіні күрделі болады. Мысалы, омыртқалылардың дәнді лейкоциттері мен кейбір омыртқасыз жануарлардың көптеген бездік жасушаларында ядроның пішіні ғажайып келеді, сегменттелген нитрофильдік лейкоциттердің ядросы бірне-ше сегменттерден тұрады. Кейбір насекомдардың өрмек бездерінің ядросы бұтақталып келеді. Ядролардың пішіні жасушасының тіршілік әрекеті процесі кезінде өзгеруі мүмкін.

Әрбір жасушада көбінесе бір ядро болады. Бірақ та 2-3 немесе бірнеше ондаған ядролары бар көп ядролы жасушаларда кездеседі. Көп ядролы жасушалар бірнеше бір ядролы жасушалардың қосылуының, немесе цитоплаз-масы бөлінбей ядросының бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Көп ядролы жасушалар жоғары дәрежеде мамандалған ұлпаларға тән. Бұған жүздеген ядролары бар көлденең салалы бұлшық ет талшықтары мысал бола алады. Көп ядролы құрылымдарды симпластлар деп атайды. Полярлы жіктелген жасушалардың ядроларының орналасуы біршама тұрақты болады. Мысалы, цилиндр пішінде эпителиалдық жасушаларда ядро әдетте жасушалардың негізіне жақын орналасады; куб тәрізді эпителийде ядро жасушаның ортасын-да жатады. Бірақ та ядролардың орналасуы жасушаның тіршілік әрекетінің өзгеруіне байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл насекомдардың ооциттерінде байқалады: ұсақ ооциттерінің ядролары ортасында орналасады, ал ооциттер-дің өсу кезінде қоректендіруші жасушаларға қарай жылжиды. Ядролардың үлкендігі жасушалардың түрлі типтерінде түрліше болады, бірақ та жасуша-лардың бір типінің өзінде бірдей болмауы мүмкін. Жасушаның үлкендігі мен ядроның үлкендігінің арасында белгілі байланыс болады. Жас жасушалардың ядросы кәрі жасушалардікіне қарағанда ірі келеді. Түрлі жасушалар ядролары-ның негізгі құрылымдық бөліктері ядролық қабықша, хроматин, бір немесе бірнеше ядрошық, кариоплазма немесе нуклеоплазма.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет