Лекция жинағы Шымкент 2019



бет57/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Вакуольдер

Вакуольдер пісіп жетілген өсімдіктер жасушаларына тән: бұлар сұйыққа толы қапшықтар. Өсімдіктер жасушаларының көпшілігінде вакуольдар соншама көп болады, жасушаның ішкі кеңістігінің 90% дерлігін алып жатады. Ядро мен цитоплазманың компоненттері жасушалық қабырғаға жанасып жұқа қабат күйінде орналасады. Вакуольдардағы сұйықты жасушалық немесе вакуольдік сөл деп атайды. Орталық вакуольдер эндоплазмалық тордан бөлінген ұсақ көпіршіктерден пайда болады. Вакуольдер тонопласт деп аталатын элементарлық мембранамен қоршалған.

Өсімдіктердің орталық вакуольдері көптеген маңызды функцияларды атқарады. Олардың бірі жасушалардың тургорлық қысымын сақтау және өсу процесіне қатысады. Сонымен бірге суда еритін заттардың жиналуын қамтамасыз ететін орта.

Вакуольдер мембранасы (тонопласт) плазмалық мембрана сияқты заттарды таңдап өткізеді, сондықтан да вакуольдегі түрлі заттардың концентрациясы цитоплазмадағы олардың кконцентрациясынан өзге болады. Вакуольдердің көпшілігінде тұздардың, қанттардың және қышқылдардың, ал кейде суда ерігіш пигменттер де көп болатыны анықталған. Анорганикалық заттардан вакуольдік сөлде калийдің, натрийдің, кальцийдің фосфаттары болады, органикалық қышқылдардың тұздары да жиналуы мүмкін. Сонымен тонопласт экскреция процестеріне қатысады деп есептеуге болады. Вакуоль өсімдік жасушасының алмасу өнімдерінің жиналатын орны және метаболит-терді сыртқа шығару міндетін де атқарады. Катаболизмнің кейбір фермент-тері тонопластпен байланысты болады. Бұл жағдай вакуольді өсімдік жасуша-сында лизосомалардың қызметін атқарады деп жорамалдауға мүмкіншілік береді. Вакуольдердің жетілуі эндоплазмалық тормен байланысты. Синтез өнімдері – ерігіш көмірсулар, белоктар, пектиндер және басқалары, алды-мен эндоплазмалық тордың цистерналарында жиналады. Бұл жиынтықтар келешек вакуольдардың бастамасы. Олар цистернаның қабырғасы болып табылатын мембранамен қоршалған. Сұйықтың онан әрі жиналуымен цистерналар ұлғайып бір-бірімен қосылып вакуольдарға айналады. Сонымен өсімдіктер жасушаларының вакуольдерінің пайда болуы эндоплазмалық тордың элементгерімен байланысты.

13, 14 Лекция



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет