Ядроның химиялық кұрамы
Биохимиялық зерттеулердің нәтижесінде ядроның химиялық кұрамы-ның күрделі екені анықталды. Ең басты компоненті нуклеин қышқылдары мен белоктардың қосылысынан пайда болатын нуклеопротеидтер; кейбір жасушаларда олар ядро құрғақ массасының негізгі бөлігін құрайды. Ядроның белоктік бөлігі бірнеше компоненттен тұрады: гистондар мен протоамин-дерден. Бұлардан басқа интерфазалық ядролар бөлігінің көпшілігін құрайтын гистон емес белоктар деп аталатын бірнеше қышқыл белоктар болады. Протоаминдер негізгі амин қышқыл арганинге өте бай, негіздік қасиеті бар жай белоктар. Протоаминдер балықтардың сперматозоидтарында байқалған, ал басқа жасушаларда гистондар болады. Ядродағы гистондардың саны біршама тұрақгы және ДНК мөлшеріне пропорционал келеді. ДНК мен бірге олар хромосомаларды түзетін дезоксирибонуклеопротеиндерді құрайды. Гистондар цитоплазманың полисомаларында синтезделеді. Бұл синтез ДНК-ның редупликациясынан бұрын жүреді. Синтезделген гистондар цитоплазма-дан ядроға көшіп, ДНК-ның участоктерімен байланысады. Молекулалық массасы жоғары ядродағы қышқыл белоктар түрліше болуы мүмкін. Қышқыл белоктарға ядро ферменттерінің негізгі бөлігі жатады. Атап айтқанда, ДНК молекуласының авторепродукциясын қамтамасыз ететін ферменттер мен ДНК матрицасында РНК молекулаларын түзетін ферменттер. Ядроларда тотықтырушы ферменттер болмайды, оның есесіне АТФ-аза, гликолиздеуші ферменттер болады. Негізгі белоктар ядро хроматинінің құрамына кіреді; қышқыл белоктар негізінде ядро қабықшасында, ядрошықта және карио-плазмада орналасқан. Ядродағы белоктың мөлшері тұрақсыз және жасушаның тіршілік әрекетінің түрлі кезеңінде өзгеріп отырады.
Нуклеин қышқылдары ДНК мен РНК ядроларының бәрінде болады. Жасушадағы ДНК-ның негізгі массасы ядрода орналасқан. ДНК-ның синтезі интерфазада, онын S дәуірі деп аталатын белгілі кезеңінде жүреді. Ядродағы барлық ДНК хромосомаларымен байланысқан.
РНК-ның негізгі бөлігі ядрошықта болады, сонымен бірге хроматин мен кариоплазмада да кездеседі. Жасушалардың ядроларында РНК-ның үш типінің бәрінде болады; информациялық РНК, рибосомалық РНК және тасымалдау-шы РНК. Ядродағы РНК-ның саны тұрақсыз, жасушаның функционалдық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Интерфазалық ядролардағы РНК синтезінің жеделдігі миоздық мета және анафазаларындағыдан 10-20 есе артық. Цитоплазмада РНК-ның синтезі практика жүзінде не интерфазада, не митоздық бөліну кезінде де жүрмейді. Липидтер ядрода аз мөлшерде болады, негізінде оның қабықшасында орналасқан. Ядролық липидтердің көпшілігі белоктармен қосылып липопротеидтерді немесе липонуклеопротеидтерді құрайды.
Ядрода минералдық заттардан фосфор, калий, натрий, темір, цинк, мыс, кобальт, вольфрам, өте аз мөлшерде литий, никель, хром, кейбір металдар және ерекше маңызы бар кальций мен магний байқалған. Ядролардың ферменттері негізінде нуклеин қышқылдық алмасу мен анаэробты гликолиз ферменттері. Әдетте ядрода цитоплазмада болатын ферменттер болады, бірақ та өте аз мөлшерде.
Достарыңызбен бөлісу: |