Лекция жинағы Шымкент 2019


Тақырыбы: Жасушалық цикл. Жасуша бөлінуінің механизм дері. Митоз



бет68/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Тақырыбы: Жасушалық цикл. Жасуша бөлінуінің механизм дері. Митоз

Жоспар:

1.Жасушаның репродукциясы.

2.Жасушаның өмір сүру циклы пресинтетикалық, синтетикалық; постсинтетикалық кезеңдер.

3.Амитоз. Митоз, оның кезеңдері. Митоз түрлері
Жасушалардың негізгі биохимиялық ерекшеліктерінің бірі оның көбею қабілеті.

Жасушаның репродукциясы организм дамуының және регенерациясының негізін құрайды.

Көп жасушалы организмдердің жасушаларының көбею қабілеті түрліше болады. Егер де эмбриогенездің ертелеу кезеңінде жануарлар организмінің жасушалары жиі бөлінетін болса, ал ересек организмде олар көбінесе бұл қабілетінен айырылады. Жоғары сатыдағы омыртқалылар организмінде түрлі ұлпалар мен органдардың жасушаларының көбею қабілеті бірдей болмайды. Бөліну қасиетінен толықтай айырылған жасушаларда кездеседі. Бұлар көбінесе мамандалған, дифференциацияланған жасушалар (мысалы, орталық нерв жүйесінің жасушалары). Организмде үнемі жаңарушы ұлпалар да бар (түрлі эпителийлер, қан, борпылдақ және тығыз дәнекер ұлпаларының жасушалары). Бұл жағдайда мұнда ұлпаларда үнемі бөлінетін жасушалар болады, мысалы, жамылғы эпителийдің базальдік қабатының жасушалары, ішек криптісінің жасушалары, сүйектің қызыл май мен көк бауырдың қан түзуші жасушалары. Қалыпты жағдайда көптеген жасушалар органдар мен ұлпалардың репаративтік регенерация процестерінің кезінде бұл қасиетке қайтадан ие болады.

Бөліну қабілеті бар жасушалардың мұндай типтері өсімдіктер организм-дерінде де кездеседі: бұлар түрлі органдар мен ұлпалардың бастамасын беретін камбиялық жасушалар.

Көп жасушалық жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары, бір жасушалы эукариондық организмдер сияқты бірнеше әзірлік процестерінен кейін (олардың ішіндегі маңыздысы ДНК-ның синтезі) бөліну процесіне кіріседі. Жасушалық бөлінудің мәні екі еселенген гендік материалды екі жаңа жасушаға тең бөліп тарату. Жасушалар репродукциясының бірнеше тәсілін ажыратады: митоз (тікелей емес бөліну), мейоз, эндорепродукция (эндомитоз бен политения) және амитоз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет