Митоздың патологиясы
Патологиялық митоз мутацияның пайда болуының механизмдерінің бірі. Көптеген аурулардың пайда болуы патологиялық митоздармен байланысты. Қалыпты жүрмейтін митоздар мен хромосомалық аберрация (катерлі ісік ауруларында) сәуле ауруларында және вирустық инфекцияда жиі кездеседі.
Хромосомалар қалыптасуының олардың қозғалу механизмінің немесе цитотомия процесінің зақымдалуы митоздың қалыпты жүруін бұзады. Хромосомалардың зақымдануына байланысты болатын митоз патологиясы-ның түрлі формасы жасуша репродукциясының ертелеу кезеңінің бұзылу кезінде пайда болады. Жасушаның митозға кірісуінің бөгелуі көбінесе ДНК синтезінің бұзылу кезінде жүреді. Митоздық аппараттың зақымдалуы немесе оның құрылысының толытай бұзылуы метакинезде және анафазада барлық хромосомалар қозғалысының тоқтауына әкеліп соғады. Бұл жағдайда метафазада экваторлық пластинка түзілмейді және хромосомалар цитоплазмада тәртіпсіз таралады.
Митоз патологиясының бір формасы колхициндік митоз (К-митоз). Колхициннің және басқа улардың әсерімен пайда болатын К-митоз метафазада митоздың тоқталуымен және екі еселенген хромосомалардың цитоплазмада таралуымен сипатталады. Электрондық микроскопиялық зерттеулер К-митоздардың пайда болуы бөліну ұршығы құрылысының толықтай бұзылуына байланысты екенін көрсетті, ал центриольдар мен центромералар айтарлықтай өзгермейді. Митоз патологиясының түрлі типтері жасуша бөлінуінің әр түрлі цитохимиялық механизмедрінің бұзылуының нәтижесінде пайда болады.
№16 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |