Лекция тақырыбы: Сутегі. Оның қосылыстары су және ауыр су. Лекция жоспары: Сутегі және оның қосылыстары. Ауыр су туралы



бет34/55
Дата27.04.2022
өлшемі267,85 Kb.
#141067
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
1 лекция (2)

Химиялық қасиеттері:

Сілтілермен әрекеттесіп екі қатар тұздар түзеді:


Н2СО3 + 2NаОН = Nа2СО3 + 2Н2О
натрий карбонаты
Н2СО3 + NаОН = NаНСО3 + Н2О
натрий гидрокарбонаты
NаНСО3 + NаОН = Nа2СО3 + Н2О


Көмір қышқылының тұздары:


Қыздырғанда ыдырайды:
СаСО 3 = СаО + СО 2
2NаНСО3 =Nа 2СО3 +СО 2 ↑+Н 2О


Гидролизге ұшырайды:
2СО3 + НОН = NаОН + NаНСО3


Сапалық реакциясы:
2СО3 + 2НСl = 2NaCl + СО2↑ + Н2О
СО2↑ + Са(ОН)2 = СаСО3↓ + Н2О
ақ тұнба


1-Тапсырма
Мына айналуларды жүзеге асыр: С → СО → СО2 → Na2CO3 → CaCO3 → CO2


2С+О2 = 2СО
2СО+О2 = 2СО2
СО2+Na2O = Na2CO3
Na2CO3+CaCl2 = CaCO3+2NaCl
CaCO3+2HCl = CaCl2+H2O+CO2


Есептер шығару:
2-Тапсырма
Құрамында 40% кальций, 12% көміртек, 48% оттек бар. Тұздың формуласын табыңыз? Салыстырмалы молекулалық массасын есепте.
3-Тапсырма
Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: CaCO3 = CaO + CO2 – 180кДж. 200кг кальций оксидін алу үшін қанша жылу жұмсалуы керек?
4-Тапсырма
Берілген реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша: CaO + H2O = Ca(OH)2 + 67кДж. 5кг сөндірілмеген әкті сөндіргенде қанша жылу бөлінетінін есепте.


Кремний (Sіlіcіum), Sі – элементтердің периодтық жүйесінің ІV тобындағы элемент. Тұрақты 3 изотопы – 28Sі, 29Sі және 30 бар. Жер қыртысындағы мөлшері 29,5%. Табиғатта оттектен кейінгі көп тараған элемент.

Ашылуы
Кремнийді алғаш рет 1811 жылы Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар ашқан. 1824 –1825 жылдары швед химигі Я.Берцелиус фторлы кремнийді калиймен тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н. Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттестіріп жеке бөліп алған.
Физикалық қасиеті:
Кремнийдің түсі күңгірт-сұр, шайырдай жылтыр, салмағы 2,32 г/м3, балқу t 1420С, қайнау t 2600С-қа жуық. Өнеркәсіпте Кремний кремнеземді қыздырып, кокспен тотықсыздандыру, ал таза кремний төрт хлорлы кремнийді мырыш буымен тотықсыздандыру арқылы алынады.
Қыздырғанда сутектен басқа кез келген бейметалмен қосыла алады. Төменгі температурада инертті. Таза кремний темір, мыс, алюминий, қорғасын қорытпаларында қолданылады. Ол мұндай қорытпалардың қышқылдарға төзімді, мықты,электрлік және магниттік қасиеттерін арттырады.
Кремний тау хрусталі немесе кварц (SiО2) құрамында болады; ол (Si) қиын балқитын, металдық жылтыры бар, сұр түсті қатты зат. Оның каттылығы алмаздан төмендеу.
Аморфты кремний коңыр түсті ұнтақ, реакцияға түсуі оңай зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет