Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет72/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Құн және тауардың бағасы. әр тауардың өз бағасы болады. Тауарды сатып ала отырып, біз оның сол үшін төлеген белгілі бір ақша сомасында көрсетілген құнын танимыз. Мінеки, ақшамен бейнеленген осы құн оның бағасы болып шығады. Тауар құнының мөлшері немен айындалады? Тауар құнын айқындаудың бір-біріне қарама қарсы екі тұжырымдамасы бар. Олардың біріншісі- Маркстың құн тұжырымдамасы. Бұл теорияға сай, әр тауардың құны және бағасы болады. Маркс бойынша, құнның негізіне тек бір ғана өндіріс факторы-еңбек алынады. Кез келген тауар- еңбектің жемісі. Сонымен қоса, тауарға сіңірілген еңбек сапалы-біртекті, абстрактылы еңбекке айналады. Әр тауарға сіңірілген еңбектің көлемі сол тауардың басқа тауарға айырбасталу пропорциясын, демек құнның ақшалай көрінісі ретіндегі бағасын айқындайды. Келесі тұрғы бойынша, тауардың құны оны өндірушінің өндіріс факторларының бәрі үшін (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік) шығарған шығындарының жиынтығымен айқындалады.Мұндайда тауардың бағасы оның құнымен арадағы байланысын жояды, сатып алушының субъективті бағасымен айқындалады. Нарықта тауар сатып алушы адам өндірушінің шығындарын ескермейді, ол тек тауардың пайдалылығына мүдделі. Бұл жерде сатып алушының бағасы өндірушінің шығындарына қарағанда әлдеқайда маңызды болып шығады. Осы екі тұрғыны біріктіре отырып, біз теңсалмақты баға теориясын- өндірушінің бағасы мен сатып алушының бағасының арасындағы балансты аламыз. Өндірушінің бағасы оның тауар өндіруге кеткен шығындарының бәрін қамтиды, ал сатып алушының бағасы оның пайдалылығын көрсетеді. Тауар өндірушінің бағасымен сатып алушының бағасы арасындағы теңсалмақтылықтыорнату механизмі ұсыныс және сұраныс заңында тәптіштей сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет