Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет58/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Аурудың асқынулары: қан айналымының жетіспеушілігі бала денесінің құрысып-тырысуына, талуына әкеліп соғады, балалар жиі өкпе қабынуымен ауырады, тыныс жетіспеушілігі дамиды.
Аурудың диагностикасы:
1. Аурудың клиникалық белгілері: цианоз, демікпе, тахикардия, «жүрек дөңесі», баланың мәжбүрлі қалпы.
2. Рентген тексеру.
3. ЭКГ, ФКГ.
4. Жүрек қуыстарын зондпен тексеру, ангиокардиография.
Емі: 90% жағдайда жүрек ақауларын оперативті жолмен емдейді. Жүрекке жасалынатын операциялар радикалдық (ақаудан мүлдем айықтыратын) және полиативтік (баланың жағдайын жеңілдететін, өмірін ұзартатын) болып бөлінеді.
Күтімі:

  1. Бала жатқан палатаның ауасы үнемі таза, жылы болуы керек, 20-220 С.

  2. Бала төсекте өзіне ыңғайлы жағдайда жатуы керек, бас жағы жоғары, кішкене балаларды бос жөргектеу керек.

  3. Баланың терісін, шырышты қабықтарын таза ұстау керек.

  4. Жеке бас гигиенасын сақтау.

  5. Терінің ойылуының және өкпе қабынуының алдын-алу үшін төсектегі жағдайын алмастырып, қолға алып, терісін майлап тұру керек.

  6. Жұқпалы аурулардан сақтандыру.

  7. Тамақтың көлемін азайтып, жиі беріп тұру.

  8. Баланың денесі құрысып-тырысқанда жедел көмек көрсету керек: басын, аяқ-қолын ұрып алмау үшін астына жұмсақ төсек немесе жөргек төселеді; тілі тыныс жолдарын жауып қалмас үшін тілұстағышпен ұстап немесе дәке оралған шпательмен басып тұру керек.

  9. Туа пайда болған жүрек ақауы бар балалар педиатр мен врач-кардиологтың диспансерлік есебінде болып, уақтылы лабораторлы және клиникалық байқаудан өтіп тұрады.

Профилактикасы: аяғы ауыр әйелдердің жұқпалы аурулармен ауырмауын қадағалау, босанғаннан бұрынғы патронажға барғанда маскүнемділіктің және темекі шегудің зияндығын айтып түсіндіру.

10 тарау. Дәнекер тіннің диффузды аурулары.
10.1. тақырып. Жүйелі қызылжегі, ревматоидты артрит, дерматомиозит, жүйелі склеродермия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет