Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет56/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Профилактикасы: Ревматизмнің алдын алу ісі біріншілік және екіншілік болып бөлінеді: Біріншілік (алғашқы) ревматизм ауруының алдын алу баланың денсаулығын сақтау, оның табиғи қорғаныс мүмкіндіктерін, иммундык күштерін көтеру жолымен анықталады. Шынықтыру, тиімді тамактандыру, күн тәртібін тану, сонымен қатар, кариес тістерді, баспа, созылмалы тонзилит, фарингит, синусит, яғни инфекция ошақтарын емдеуді жүйелі түрде камтамасыз ету керек.
Екіншілік алдын алуды ревматизм науқасына ұшыраған балаларға, аурудың кайталамауы үшін жүргізеді. Соңғы жылдарда ревматизмнің алдын алу үшін жыл бойы бициллин -5 енгізу қолданылып жүр: мектеп жасына дейінгі балаларға 2 аптада 1 рет 750 000 ЕД мөлшерінде, 7 жастан асқан балаларға 4 аптада 1 рет 1 200 000 – 1 500 000 ЕД мөлшерінде тағайындалады. Ревматизмнің алдын алу балалардың ревматизммен ауыруын азайтуға мүмкіндік береді, жүрек ақауларымен ауыратындар саны едәуір кеміді.
9.2. тақырып. Балалардағы миокардиттер (кардиттер)

Ревматикалық емес кардитжүректің инфекциялық аллергиялық ауруларының бір тобы, миокардтың зақымдануымен сипатталады. Соңғы уақытта балалар жүрек аурулары ішінде кардиттің өсіп келе жатқанын байқауға болады.
Этиологиясы мен патогенезі. Кардит кез келген инфекциялық аурудан кейін пайда болады, жиі кездеседі, қоздырғышы вирустар. Тұқымқуалаушылықтың маңызы зор. Туа пайда болған кардиттердің негізгі себептеріне токсоплазмоз және цитомегаловирустар жатады. Кардитті иммунопатологиялық процесс деп қарау керек. Өткір кардитте негізгі себеп инфекция. Пайда болған қабыну ошағынан медиаторлар (брадикинин, гистамин, серотонин) бөлінеді, иммунокомплекс әсерінен тамыр өткізгіштігі артады және жасушалық инфильтрация пайда болады. Созылмалы кардиттің негізінде аутоиммунды өзгеріс жатады. Антимиокардиальды антиген пайда болады, антиген-антитела комплексі пайда болып, қан тамырын зақымдайды. Созылмалы кардиттің ерекшелігі зақымдану жүйелі өтеді, қайталанғыш және қатерлі қатерлі ауру болып табылады.
Клиникасы. Туа пайда болған және жүре пайда болған ревматикалық кардиттер болып бөлінеді. Туа пайда болған кардит ерте және кеш пайда болған кардит болып бөлінеді.
Ағымы бойынша жедел, созылмалы, жеделдеу деп бөлінеді. Туа пайда болған кардиттің алғашқы белгілері баланың 6 айлығынан бастап білінеді: баланың физикалық дамуы қалыс, әлсіздік терісі боз, емгенде тез шаршайды, кардиомегалия, «жүрек бүкірлігі», жүрек тондары тұйық, систоликалық шуыл, сол жүрек қарыншасының жетіспеушілігі пайда болады. Туа пайда болған кардиттің кеш білінген түрінде экстракардиальды симптомдары біліне бастайды: емгенде тез шаршайды, тершеңдік, 3-5 айлығынан бастап салмақты аз қосады, бала кенеттен мазасызданып ентігу күшейеді, цианоз, тырысу синдромы, кейде есін жоғалтады. Жүрек ұшының лүпілі айқын білінеді, жүрек шекарасы ұлғаяды, тондары қатты, жүрек жетіспеушілігі айқын емес шуыл жоқ, тахикардия немесе брадикардия білінеді.
Жедел кардит 2-3 жастағы балаларда дамиды. Алғашқыда интоксикация белгілері пайда болады: әлсіздік, дене температурасы жоғары, лоқсып құсу. Ересек балалар жүрек тұсының және төс сүйегінің артында ауырсынуға шағымданады. Жүрек қан тамырлар жүйесінің зақымдану белгілері пайда болады: аритмиялық пульс, жүрек ұшы лүпілінің әлсізденуі, жүрек шекарасының солға ұлғайуы, қан қысымының төмендеуі. Аускультация кезінде экстрасистолия жүрек тондары әлсіз, систоликалық шуыл естіледі. Қысқа мерзімде жүрек жетіспеушілігі пайда болады: ентігу, кілегей қабық цианозы, тахикардия, өкпесінде сырыл, аяқтары ісіңкі, бауыры ұлғайған.
Жеделдеу кардит 3 жастан асқан балаларда әсіресе, жасөспірім кезеңінде пайда болады. Ем көбіне нәтижесіз. Жүректің өткізгіштік жүйесінің бұзылуына байланысты жүрек ритмі бұзылады.
Созылмалы кардит - ересек балаларда кездеседі. Симптомсыз өтеді, жүрек жетіспеушілігі пайда болған кезде ғана білінеді. Баланың физикалық дамуы қалыс, «жүрек бүкірлігі», тез шаршау, ентігу, жүрек соғысы жиі, жүрек тұсының ауырсынуы, жөтел пайла болады. Кардиомегалия, аримия, жүрек ұшында және 5-ші нүктеде систоликалық шуыл, өкпеде ылғалды сырыл, бауыр ұлғайғаны анықталады.
Емі. Этиопатогенетикалық ем, қимыл қозғалысына, тамақтануына, сұйықтық мөлшеріне коррекция жүргізіледі. Жедел және жеделдеу кардитте 2-4 аптаға қозғалыс шектеледі, ас тұзы шектеледі калий преапараттары көп берілуі керек. Антибактериальды терапия 10 күнге тағайындалады. Амоксициллин 0,125-0,5г күніне 3 рет, азитромицин 10 мг/кг салмағына күніне 1 рет, рокситромицин 5 мг/кг тәулігіне күніне 2 рет, цефазалин 20-50-100 мг/кг тәулігіне күніне 4 рет, цефалексин 50-100 мг/кг тәулігіне күніне 4 рет тағайындалады. Жүректе кардиометаболикалық процесті жақсарту мақсатында полярлы қоспа (10% глюкоза ерітіндісі 1 кг салмағына 10-15 3 г енгізілетін қант мөлшеріне 1Б инсулин, жасына 1 мл панангин қосылады), карнитин хлорид 75-100 мг тәулігіне, инозин 0,4-0,8г тәулігіне, кокарбоксилаза 0,025-0,05-0,1г күніне 1 рет тағайындалады. Жүрек жетіспеушілігінде және жүректің өткізгіштік жүйесінің бұзылысында глюкокортикоидтар қолданылады. Ем нәтижесіз болғанда делагил, плаквенил, вольтарен тағайындалады. Салицилаттар 0,05-0,06 мг/кг салмағына 1-1,5 апта тағайындалады. Жүрек тамыры жетіспеушілігінде жүрек гликозидтер қолданылады. Дигоксин 0,03-0,05 мг/кг салмағына бұлшық етке немесе 3 күнге энтералды, әрі қарай негізгі дозаның 1/5 бөлігі сүйемделуші доза ретінде беріледі. Гемодинамика бірқалыпқа келгенше дигогсин беріледі. Зәр айдағыш препараттар науқас жағдайына байланысты тағайындалады. Созылмалы кардитте глюкокортикоидтар тағайындалады. Делагил, плаквенил, вольтарен жылына 2-3 рет қолданылады. Кардиттің еміне пармидин, продектин, контрикал 1,5-2 айдан тәулігіне 0,25-0,75г қолданылады. Микорэлементтер және витаминдер калий, магний тәулігіне 1-3 таблетка, аскорбин қышқылы 0,05-0,250г/ тәулігіне, токоферол ацетата 50-100 мг/тәулігіне эссенциале 1-2 капсула күніне 3 рет тағайындалады.
Жедел кардитте ем нәтижесі жоғары. Жүрек бұлшық етіндегі өзгерістер толық қалпына келеді. Созылмалы кардит емі нәтижесіз, науқаста жүрек жетіспеушілігі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет