Жүйелі қызыл ноқта.
Бұл аурулар ревматологияның бір тарауына жатады. ДДҰ-ның жіктеуі бойынша бұл топқа жүйелі қызыл ноқта (ЖҚН), жүйелі склеродермия (ЖС) немесе үдемелі жүйелі склероз, дерматополимиозит (полимиозит) т.б. аурулар кіреді.
Жүйелі қызыл жегі (ноқта)
Жүйелі қызыл ноқта (ЖҚН) — иммундық реттелудің гендік кемістігінен дамитын, өз тіндеріне қарсы антиденелердің тоқтаусыз түзілуі арқылы аутоиммунды жэне иммунокомплексті қабынумен журетін созылмлы полисиндромды дерт..
Этиологиясы. Ауру себебі анық емес. Инфекциялық-вирусты аурулардың себебі болуы мүмкін. Кейбір дәрілердін де ауруға себепшілік орны бар: олар - антибиотиктер, сульфаниламидтер, тырысу мен гипертензияға қарсы дэрілер (гид-ралазин тәрізді) және вакцина мен гамма-глобулиндер. Осы сияқты әр түрлі сырт-қы факторларға ауыратын адамның жеке, өзіндік әсіре сезімталдығы болатыны айқын. Айтылған себептермен қатар, баланын жасөспірім кезіндегі гормоналдық және иммундық езгерістерінде қатар жүретін уакытша әлсіздік дерт басталуына ерекше икемдейді.
Шамасы, баланың жасы, жынысы, отбасылык-конституциялық ерекшелігі, иммунитеттің гендік бүзылысы сияқты эр түрлі жағдайлар мен мультифакториал-дық дерттің пайда болуына жол ашуы ықтимал.
Ағымы. Алғашкы керіністеріне байланысты аурудың жедел, жеделдеу -жэне созылмалы агымын, өршу дэрежесіне қарай — жоғары, орташа, төмен (минималъды)дәрежелерін айырады.
Клиникалық корінісі. Ауру үдемелі ағыммен жүреді. Жедел ағымды ауруда дене қызуы бірнеше күн ішінде жоғары көтеріліп, гектикалык түрмен сипатталады, оны-мен бірге тоңу, калтырау, ағып терлеу шығады. Бала арыктап кетеді, тіпті кахексия болады.
Аурулардың 2/3 —де тері бұзылыстары айқын болады; теріде ісіну, инфильтра-гиперкератозбен білінетін экссудативтік эритема болады. Бетке эритема «көбелекке» ұқсас; оның «денесі» мұрын үстіне дәл келеді, алекі қанаты бетгің екі жағына (көз астында) орналасады; эритема тез өшіп, кейде қайта шығып, тұтас болмауы мүмкін.
Асқынулары. Инсульт, парез-паралич дамуы, сепсис, флебитгер, трофикалық жаралар, тоқпан жілік басының асептикалык некрозы.
Достарыңызбен бөлісу: |