Еңбекке тәрбиелеу – түрлі еңбек әрекетін қатыстыруды ұсынатын күрделі процесс. Оның міндеті еңбекке психологиялық, тәжірбиелік құндылықты дайындау болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің маңызды компоненті – еңбекке жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.
Адамгершілікке тәрбиелеу өзіне еңбектің мәнін түсінуді қосады, яғни адамгершілік сапаларды қалыптастыруға тырысады.
Психологиялық дайындау басқаға пайдалы кез-келген жұмысты сапалы орындауға, бастаған жұмысты аяғына дейін толық күшпен жасауға тырысуға тәрбиелеуді қарастырады.
Практикалық дайындау балаланы ғылым негізінде білім мен біліктілік, дағдымен қаруландыруға бағытталған.
Есту қабілеті зақымдалған балаларды еңбекке тәрбиелеуде ерекше назар коррекциялық міндеттерді шешуге бөлінеді (сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу қарым-қатынас дағдыларын дамыту, дене даму кемістіктерін түзету).
Отбасында еңбек етуге үйрету тәрбиесін де өткізуі керек. Мектепке дейінгі уақыттың әр түрлі кезеңінде, еңбек ету тәрбиесі тұрмысындағы гигиеналық дағдыларға және тәртіпке тәрбиелейді. Сондай-ақ, тұрмыстық шаруашылық еңбекке, отбасындағы кейбір міндеттерді орындауға ересектің еңбектері туралы ойын кеңейтуге балаға берілген жерде жұмыс істеу арқылы, еңбек ету, үй өсімдіктерін күтуге, қағаздан, картоннан, табиғи материалдан жасанды заттар жасау процесінде қол еңбекке тәрбиелеу жатады.
Еңбекке тәрбиелеу мазмұны еңбектің алуан түрінде – оқуда, арнайы сабақтарда, қоғамдық пайдалы істерде анықталады.
Оқудағы еңбек мектеп бағдарламасы көлеміндегі ғылыми негіздегі білімдерді игеруге бағытталған. Есту қабілеті зақымдалған балалардың оқудағы еңбегін ұйымдастыру кезінде мына жағдайларды ескеру өте маңызды: ауызша сөйлеу тілін дамыту және қалыптастыру бойынша жұмыспен білімді меңгеру процесінің байланысы, оқу қызметінің сипатын өзгерту қажеттілігі, ақыл-ой, еңбек тәртібі.
Еңбекке оқыту міндеті – баланың техникалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытатын еңбек дағдысы мен біліктілігін, политехникалық білімін қалыптастыратын арнайы пән.
Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қызығушылықтығы оқушылардың түрлі әрекеті (сыныпта, мектепте, ауданда, қалада). Тұрмыстық еңбек есту қабілеті зақымдалған балаларға қолайлы. Адамгершілікке тәрбиелеудің тағы бір маңызды бір бөлігі патриоттыққа тәрбиелеу. Патриотизм сезімі өз Отанына деген махаббат, оны жаулардан қорғауға дайын сезімді көрсететін әлеуметтік-саяси және адамгершілік принципі.
Достарыңызбен бөлісу: |