Мазмұны Алғы сөз І тарау. Сурдопедагогиканың теориялық негіздері және даму тарихы



бет23/146
Дата19.05.2020
өлшемі0,96 Mb.
#69691
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   146
Байланысты:
surdopedagogika kazaksha okulyk

Джероламо Кардано ең бірінші классификацияны ойлап шығарды: туғаннан естімейтіндер, есту қабілетін ерте жоғалтқандар (бала сөйлеу тілінің пайда болуына дейін) және сөйлеу тілі сақталған, кейіннен естімей қалғандар.

Джероламо Кардано алғаш рет кереңдіктің және мылқаулықтың физиологиялық негіздеуін көрсеткен және сақталған сезім мүшелерін қолдану негізінде естімейтіндерді оқыту мүмкін екенін дәлелдеген.

Джероламо Карданоның теоретикалық көзқарастары Испанияда өзінің практикалық дәлелділігін алды. Педро Понсо де Леон ( 1520-1584) естімейтіндердің білім алуының түп нұсқалы әдісін құрып, аристократтардың балаларын жеке оқытуды практикаға ойдағыдай енгізді. П.Понсо өзінің әдістемесінде әр түрлі сөйлеу тілінің түрлерін қолданған: ауызша, жазбаша, дактильді және жест тілін.

Х.П.Боннет (1579-1633) «Естімейтін адамды сөйлеуге үйрету өнері және дыбыс табиғаты туралы» трактатында (1620), естімейтіндердің білім алуы және тәрбиеленуінің мақсат, міндеттерін қарастырып, осындай адамдарға дактильді және ауызша түрде сөйлеу тіліне оқытудың қажеттілігі туралы айтқан. Арнайы педагогпен естімейтіндерді оқытуда, сөйлеу тілінің сұрақ-жауап формасын қолданып, оқушылардың ақыл-ой қабілеттіліктерінің дамуында сөйлеу тілінің маңыздылығын көрсеткен.

Э.Р.Каррион (1579-1652) өзінің замандастарының ой-пікірлерін практикада дамытып, естімейтіндерді оқытуда тактильді-вибрациялық сезінулерге және есту қалдығына сүйенеген.

Х.П.Боннеттің естімейтіндерді Европада оқыту туралы идеялары ары қарай дамыды: Англияда – Джон Валлис (1616-1703) және Дж.Бульвер, Швейцарияда – Дж.К.Амман (1669-1724), Нидерландияда – Ф.М.Ван Хелмонт (1614-1699), Италияда – Ф.Л. Терций (1631-1687).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет