Естіп қабылдауын дамыту және дыбыстап айтуын қалыптастыру жеке сабағы. Аталған сабақтың негізгі мақсаты – балаларды сөйлеу тілін есту арқылы қабылдауғы үйрету, есту зейінін дамыту, есту-көру арқылы қабылдауға сүйеніп дыбыстап айтуын қалыптастыру. Аталған сабақтар екі құрам бөліктен тұрады: дыбыстап айтуын қалыптастыру және жеке есту аппараттары, электроакустикалық аппаратуралар арқылы есту арқылы сөйлеу тілін қабылдауды дамыту.