Айналым моделі экономиканы екі секторға бөледі: үй шаруашыльщтары және фирмалар. Үй шаруашылықтары өзінің сатқан ресурстарынан, яғни еңбек, капитал және жер сатудан түскен табыстарын өздеріне қажетті тауарлар сатып алу үшін және фирмалардың қызметін пайдалануға жұмсайды. Фирма өздері өндірген тауарларды сатудан және қызметтер көрсетуден түскен ақшаларын үй шаруашылық-тарының ресурстарын сатып алуға жұмсайды.
Нарық механизмі
Үй шаруашылықтары не тұтынатынын шешеді, олай болса, не өндіреміз деген сұрақ туады. Мұндай шешімдер фирмалардың өндірістік жоспарларының негізі болуы керек. Бұдан фирма шектеулі ресурстарды қалай пайдалану туралы шешім қабылдауы керек.
19
1-тарау. Микроэкономикаға кіріспе
Нарықтық жүйеде үйлестіру мәселесін нарықтың екі түрі шешеді: өндірістік ресурстар ыарығы және тұтынушылар игілінің нарығы.
Кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылығы секторының өзара байланысын сұраныс пен ұсыныс моделі түсіндіреді. Бұл екі сектор тауар нарығында сату және сатып алу жөнінде әрекет ететін болса, онда модель баға мен сатылатын тауардың санын анықтайды. Әрбір нарықта шешім қабылдайтын белгілі екі экономикалық субъектілер болады, олар: сатушы мен сатып алушылар. Нарықтағы шешім қабылдау тендестік бағамен, әр игіліктің теңдестік санымен үйлестіріледі.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысының нәтижесі - баға. Бұл көрсеткіш үй шаруашылықтары мен фирмалардың қабылдаған шешімдері туралы келісімге келуі үшін маңызды ақпараттар беріп тұрады. Қоғамда ресурстарды оңтайлы бөлу мәселесін шешуде бұл ақпараттар зор роль атқарады. Біріншіден, баға тұтынушылардың шығын деңгейін анықтап, олардың тандауына, қалап алуына шығындар тұрғысынан әсер етеді. Екінші жағынан, өндірушілердің түсімі
бағаға тәуелді, ал түсім экономикалық шешім қабылдағанда маңызды көрсеткіш болып есептеледі. Мысалы, нанның бағасының жоғарылауы - сатып алушылардың бұл тағамды тұтынуды шектеуіне белгі береді, ал фирмалар үшін - нан нарығындағы теңдестікті қалпына келтіру үшін өнім көлемін көбейтуге болады. Тауарды тепе-теңдік кезіндегі бағамен сатып алғысы келетін тұтынушылар, осы тауарды пайдаланады, ал осы бағамен алғысы келмейтін немесе төлей алмайтындар -бұл тауарды тұтына алмайды. Ал еңбек, капитал және жерді қолданудың бағасы олардың қожаларына түсетін
20
1.3. Әр түрлі экономикалық жүйелердегі ...
табысты анықтайды. Сондықтан, экономикалық қызметтің нәтижелілігі оның түсімділігімен анықталады және әр адамға өзінің күшіне, қызметіне қарай өнімділік, түсім беретін кәсіпкерлікті таңдап алуына жол сілтейді. Ал
нарық қоғамдастығы экономикалық іс-әрекеттердің әр түрлі шарттарының алуан түрлі өзгеруіне тез шешім табуға қабілетті. Бұл негізінен әр түрлі игіліктердің берілген жағдайларда маңызының өзгеруіне байланысты болады.
Жеке іс-әрекеттерді жалпы игіліктер жасауға бағыттайтын “көрінбейтін қол” образын пайдаланғанда А. Смит бір-
бірі туралы ештеңе білмейтін экономикалық субъектілердің жеке іс-әрекетгері мен олардың экономикалық еңбектестігін үйлестіру тәсілін айтқан. Осы айтқандарды қорыта келгенде, кейбір кемшіліктеріне қарамастан нарық механизмі экономикалық дамуда өте маңызды орын алады.
ЖАТТЫҒУЛАР
1. Шағын аралда бес адам тұрады екен деп жорамалдайық. Олар банан және жұмыртқа жинаумен айналысады. Күніне олардың әрқайсысы 20 банан немесе 10 жұмыртқа
жинайды. а) төмендегі графикке осы аралдың экономикасы-ның өндірістік мүмкіндігінің қисығын сызындар;
ә) енді осы аралға техника әкелінді дейік, соның нәтижесінде бес адамның әрқайсысы 28 банан жинай алатын болды. Осыған байланысты өндіріс мүмкіндігінің қисығы қалай өзгеретінін графиктен көрсетіндер.
21
1-тарау. Микроэкономикаға кіріспе
Жұмыртқа
2. Кестеде өндіріс құрылымының өзгеруі туралы деректер берілген:
Өндіріс түрлері
|
Өнімдер
|
|
Тоңазытқыштар (мың дана)
|
Бронетранспортер-лар (мың*дана)
|
А
|
0
|
30
|
Б
|
200
|
27
|
В
|
400
|
21
|
Г
|
600
|
12
|
д
|
800
|
0
|
Достарыңызбен бөлісу: |