28
СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ
НЕПЗДЕРІ
2 2.1. СҰРАНЫС 30
Т 2.2. СҰРАНЫС КӨЛЕМІНІҢ ЖӘНЕ
СҰРАНЫСТЫҢ ӨЗГЕРУІ 34
А 2.3. ҰСЫНЫС ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР 41
Р 2.4. ҰСЫНЫС КӨЛЕМІНІҢ ЖӘНЕ
ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗГЕРУІ 44
А 2.5. НАРЫҚТАҒЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК 45-
У
29
2-тарау. Сұраныс және ұсыныс теориясының
Сұраныс және ұсыныс
теориясының негіздері
Аталып отырған бөлім бір-бірімен бәсекелес көптеген сатушылар мен сатып алушылар болатьш нарықтың қызмет істеу механизмін талдауға арналған.
Сатылатын тауар біртектес (стандартты) және тауар-дың әр данасьт бірдей бағамен сатылады деп жорамал-даймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға) нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін қарастырамыз.
2.1. Сұраныс
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.
30
2.1. Сұраныс
2.1-кесте
Шұжыққа сұраныс
1 кг-ның бағасы (теңгемен)
|
Сұраныс көлемі (1 айға, кг)
|
900
|
3,5
|
800
|
4
|
700
|
4,5
|
600
|
5
|
500
|
5,5
|
400
|
6
|
300
|
6,5
|
200
|
7
|
100
|
7,5
|
2.1-кестеде тағамның бағасы өзгерген кезде (басқа факторлар түрақты деп үйғарғанда) оны сатып алу көлемі қалай өзгеретінін көрсететін мәліметтер берілген. Бұл сұраныс кестесі деп аталады. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының тандауы және сатып алу қабілегі деп неге айтамыз, мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады,
бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарасгырады. 2.1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі солғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық ала алады, ал егер 400 теңге болса, онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.
Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің қайсысы нарықта нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс — бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарьш кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жыльта және т.б.
31
2-тарау. Сураныс және ұсыныс теориясының
Сұраныс көлемі - сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
2.1-кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп, бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз.
Баға (теңгемен)
2.1-сурет. Сұраныс қисығы
Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасын-дағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден 600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарла-рының саны көбейеді немесе керсінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады. Мысалы:
32
1. Күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарлар-ды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш - баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
2. Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен
көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі
ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.
3. Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.
Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады. Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.
Енді ауыстыру тиімділігі деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынта-ланады - бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.
Тұтынушылар көбінесе қьмбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды. Мы-салы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі). Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, шошқа және тауық етінің орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).
33
2-тарау. Сұраныс және ұсыныс теориясының ...
2.2. Сұраныс көлемінің және
Достарыңызбен бөлісу: |