Осы Заң мүлкiн жария еткен азаматтар мен заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жекелеген қылмыстар әкімшілік құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшiн жауапкершiлiктен босату арқылы мемлекеттiң мүлiктi жария ету жөнiндегi тек қана бiржолғы акцияны жүргiзуiне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.03.26. N 241 Заңымен.