1. Мүлiктi жария ету, оның iшiнде мүлiктi жария етуге ұсыну мерзiмi 2006 жылғы 3 шiлдеден басталып, 2007 жылғы 1 тамызда аяқталады.
2. Мүлкiн осы Заңның 11- бабына сәйкес жария еткен жария ету субъектiлерi 2007 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде оған құқықтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмдеуге мiндеттi.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген жылжымайтын мүлiкке құжаттарды ресiмдеуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жария ету субъектiсiне тиiстi құжаттарды ол өтiнiш берген күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде беруге мiндеттi.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188, 2007.03.26. N 241 Заңдарымен.