2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның күші, осы Заңның 3-бабында аталған мүлiктi қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы, сондай-ақ оның шегiнен тыс жердегi, оның iшiнде тиесiлi емес тұлғаға ресiмделген, өздерiне тиесiлi және жария ету мерзiмi басталғанға дейiн алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілерiне қолданылады.
2. Осы Заңның күшi:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190-193, 218, 221 , 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшiн өздерiне қатысты қылмыстық iс қозғалған;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190-193, 218, 221, 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшiн сотталған;
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 118 , 120 , 143 , 154 , 155 (бiрiншi бөлiгi), 178 , 179 , 182 , 185 , 189 , 205-209 , 237 , 239 , 253 , 357-2-баптарында аталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаларға қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |