1. Жария ету субъектiлерi мүлiктi жария еткенi үшiн алымды (бұдан әрi - алым) төлеушiлер болып табылады.
2. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын жылжымайтын мүлiктi жария еткен Қазақстан Республикасының азаматтары мына шарттардың бiрiн қанағаттандырған жағдайда, егер:
1) жария етiлген мүлiкке 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық пен аталған мүлiк орналасқан және салық органдарында есепте тұрған жер учаскелерiне қатысты жер салығын төлесе;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мүлiк салығын және жер салығын төлеушiлер болып табылмаса, алымды төлеушілер болып табылмайды.
3. Өзiнің ауыл шаруашылығы өнімдерiн өндiруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, сондай-ақ олар ақшаны жария еткен жағдайларды қоспағанда, тұрғылықты жері немесе тиісінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе заңды тұлғалары алым төлеушiлер болып табылмайды.
4. Алым жария етілетін мүлік құнының он проценті мөлшерінде төленеді.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті қоспағанда, мүлікті жария ететін жария ету субъектілері алымды мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төлейді.
Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлкін жария ететін жария ету субъектілері алымды жылжымайтын мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырған сәттен бастап жария етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегенге дейін кез келген уақытта төлейді.
Алымды өндіріп алу және бюджетке аудару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Мүлiктi жария етуге табыс етілген құжаттар қайтарылған не мүлiктi жария етуден бас тартылған жағдайларды қоспағанда, төленген алымды қайтару жүргiзілмейдi.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.11.16. N 188 Заңымен.