1. Тиесiлі емес тұлғаға ресiмделген мүлiктi жария ететiн жария ету субъектілерi осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:
1) мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) тиесiлi емес тұлғаның жария ету субъектiсiне мүлiктi өтеусiз бергенi туралы нотариат куәландырған шартты табыс етедi.
2. Тиесiлі емес тұлғаға ресiмделген бағалы қағаздарды жария ететiн жария ету субъектiлерi осы Заңның 7-бабының 1-тармағында айқындалған құжаттар тiзбесiне қосымша мынадай құжаттарды:
1) бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi есептiк шоттан үзiндiнi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;
2) тиесiлi емес тұлғаның бағалы қағаздарды жария ету субъектiсiне өтеусiз бергенi туралы нотариат куәландырған шартты табыс етедi.