Осы Заңға сәйкес жария етiлген жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру мен жүргiзудiң, сондай-ақ жер учаскелерiне құқықтарды ресiмдеудiң ерекше тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Мүлiктi жария еткен жария ету субъектiлерi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 190-192 , 193 (осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттi қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) жасаған жағдайды қоспағанда, бiрiншi бөлiгi; екiншi бөлiгiнiң а) және б) тармақтары; үшiншi бөлiгiнiң б) және в) тармақтары), 218 , 221 , 222-баптарында аталған қылмыстарды жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылықтан босатылады.