Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Анаэробты инфекцияларды дауалау және



Pdf көрінісі
бет82/128
Дата08.04.2024
өлшемі3,12 Mb.
#200617
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128
Байланысты:
IНДЕТТАНУ ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАР ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯ НЕГІЗДЕРІМЕН

Анаэробты инфекцияларды дауалау және 
олардан арылу шаралары 
Қ а ж е т т i ж а б д ы қ т а р. Биологиялық препараттар, көрнектi 
құралдар, малдәрiгерлiк заң кiтаптары. 
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра дәрiсханасында 
жүргiзiледi. Студенттер анаэробты инфекцияларды дауалау және олардан 
арылу шараларына арналған нұсқауларды оқып, бұл ауруларда қолданы-
латын биологиялық препараттармен, дәрi-дәрмектермен танысады. Iндет 
ошағында жүргiзiлетiн негiзгi шараларға арналған жаттығуларды орындайды.
Анаэробты инфекцияға қарсы қолданылатын күрес шаралары шаруашы-
лықтың, елдi мекеннiң бұл аурулардан iндеттiк жағдайына байланысты 
арнайы нұсқауларға сәйкес жоспарлы түрде жүргiзiледi. 
Қарасан, жыбырлақ, секiртпе, қозының анаэробты дезинтериясы, сiреспе 
ауруларына қарсы қолданылатын биологиялық препараттардың тиiмдiлiгi 
жоғары. Жануарларды оларға қарсы арнайы вакциналармен, гипериммунды 


147 
сарысулармен дер уақытында егiп отырған жағдайда, белгiлi бiр мерзiмге 
дейiн iндеттiң алдын алып отыруға толық мүмкiндiктер бар.
Сарып пен шірікбақайды дауалау мақсатымен сырттан алынған жануар-
ларды дауалық карантин мерзiмiнде ұстап, тұяқтарын кесiп тазалап, оларды 
10%-ды формальдегид немесе 5%-ды пароформ ерiтiндiлерi құйылған 
астаулардан өткiзiп отыру керек. Iндеттен ада шаруашылықтарда аталған 
шаралар жоспарлы түрде, мал өсiру технологиясына сәйкес жылдың белгiлi 
бiр айларында орындалады. 
Анаэробты инфекциялардың жiтi түрде өршуiне байланысты iндет орын 
алған шаруашылықта шектеу қойылады. Ауруға шалдыққан жануарлар 
клиникалық әдiстердi қолдану арқылы анықталып, сауларынан оқшауланады. 
Емге жарайтындары осы аурулардың (сарып пен бақайқұрттан басқа-
ларының) қоздырушыларына қарсы алынған арнайы қан сарысуларымен, 
антибиотиктермен және басқада симптоматикалық дәрi-дәрмектермен 
емделедi. Iндет ошағындағы ауруға тән клиникалық белгiлерi жоқ, дене 
температуралары қалыпты мөлшердегi мал iндеттiң жұғуына қауiптi деп 
саналып, арнайы вакциналармен иммунделедi.
Сiреспе, жегi, бақай құрт ауруларын қоздырушы микробтар әртүрлi 
жарақаттар арқылы енетiнi ескерiлiп, алдыменен денедегi жарақаттары 
анықталып, емдi бiрден сол жаралардан бастау қажет. Жарақаттар өлi еттер-
ден тазаланып (скальпельмен өлi ет сау жерінің беткi қабатымен қоса 
сылынып алынды), марганец қышқыл калийдiң 5%-ды немесе басқа да 
антимикробты ерiтiндiлердiң бiрiмен өңделедi. Соңынан денеге жайылған 
уытты қайтару мақсатында антимикробты дәрмектер, анотоксин, симптома-
тикалық дәрiлер қолданылады. 
Анаэробты инфекцияларды қоздыратын микробтардың топырақта 
сақталатыны ескерiлiп өлiмге шалдыққан жануарлардың өлекселерi, iндет 
ошағындағы малдың сағдары толық түрде өртелiнуi шарт. 
Iндет ошағы тазаланып, телiм күйдiргiш натрийдiң 3-5%-ды фор-
мальдегиттiң 5%-ды ерiтiндiлерiмен, сөндiрiлген хлорлы әкпен күнделiктi 
дезинфекцияланып отырылуы қажет. 
Студенттің өзіндік жұмысы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет