Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет42/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   679
ҰСТАЗ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ


Жалтанова Г.Ж. (БҚО, Орал)


«Баланың ынтасын арттыру үшін оқылатын
нәрседен бір жаңалық болуы керек»
Ж.Аймауытов

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.


Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін сұрақтар туындайды.
Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектептен шыққан оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Оқушы болашақ маман ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа кәсіби міндеттерді шешуге дайын болу үшін не істеу керек?
Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі- жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды: әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеру; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеру; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.
Инновациялық технологияларды қолданып, білім сапасын арттыру:

  • Әр сабақта интерактивті әдістерді қолдану;

  • Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

  • Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;

  • Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;

Мектеп мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Инновациялық технологиялар:

  • Жобалау технологиясы;

  • Саралап даралап оқыту;

  • Дамыта оқыту технологиясы;

  • Модульдік оқыту технологиясы;

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту;

  • Сатылай комплексті талдау;

  • Деңгейлеп оқыту технологиясы;

Инновациялық технология нәтижелері:

  • Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.

  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.

  • Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.

  • Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.

  • Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

  • Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.

  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды енгізіп, интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімдерді шеберлік жағынан шыңдайтындығына дау тудырмайды.
Әрбір ұстаздың алдына қойған басты міндеті өз оқушыларының сапалы білім, саналы тәрбие алуын мақсат етіп, заман талабына сай үздіксіз өзгеріп отыратын оқу мен білім процесінің жаңа технологиясын қолдана отырып білім беру.
Оқыту – бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің бір тұтас кешені деп айқындалған. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:
● оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау;
● жүйелі ойлануға үйрету;
● шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолдарын зерттеу және анықтау;
● оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру;
● тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы;
● сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік.
Осыларды басшылыққа ала отырып, біз оқушыларға қалай оқу керектігін үйретуіміз керек. «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.
«Метатану» деп индивид қалай ойлайтынын, оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау, кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде қолдануға болады. Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:
● білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
● жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
● міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;
● нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.
Осы төрт тармақты іске асыру үшін оқушылардан оқуды үйрену талап етіледі. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруін емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады. Бұл жерде негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім- бұл үдерісте көмек көрсететін жан.
Мұғалімдік мамандық- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым- шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу (Сухомлинский) дегендей әр ұстаз өз бойындағы ізгі қасиеттерінің арқасында оқушыны жан- жақты танып, оқушы жүрегіне жол таба білуі керек. Осы жағдайларды дәстүрлі сабақтарымызда іске асыру мүмкін еместігін үш деңгейлік жаңа форматтағы Кембридж тәсілімен оқыту курсында ұқтым және бірінші бетпе-бет кезеңінен алған білімімді практикамен ұштастыру барысында өткізілген сындарлы оқыту сабақтарымда осы жағдайлардың орындалатынына көзім жетті және де мен үшін бұл курстың маңызы зор болды деп айта аламын.
Мен осы жаңа форматтағы оқуға дейін нені білдім:
● Дәстүрлі педагогикалық бағдарламаға сәйкес нәтижелі сабақ құруды;
● Құрылған сабақтың басты мақсаты, сабақ нәтижесіне жетуді;
● Жеке жұмыс беру арқылы, оқушыны нақты бағалауды;
● Жаңа сабақты түсіндіріп беруші, қайтадан жауап алушы ретінде;
● Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты қорытындылап, бекітуді;
Оқушылар нені білді:
● Мұғалім тарапынан ұсынылған мәліметті алу мен беруді;
● Оқу үдерісіне қатысып отыруды;
● Өзіндік ойын, білімін жүйелеуді;
● Мұғалімнің ықпалы бойынша әрекет етуді.
Дәстүрлі сабақтарды оқыту кезіндегі қолданылған әдіс- тәсілдеріміз мұғалім тарапынан оқушыға сабақты меңгерту болатын. Осы жағдайда мұғалім оқушыға ешқандай зерттеу жұмыстарын жүргізбей, тек білім беруші тұлға болып саналатын. Оқушымен мұғалім арасындағы қарым- қатынастармен ғана шектеліп келдік. Дәстүрлі сабақ жоспарымыз қатып қалған қағида, яғни ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру, жаңа сабақ, бекіту, үй тапсырмасы бөлімдерінен тұрды.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән- мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды деген пайымдау ақиқат екеніне күмәнім жоқ, шындығындада оқушы өз білімін жетілдіруде тек қана оқулықпен шектелетіні рас.
Бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін мектептегі машық кезінде бірінші бетпе- бет кезеңінде үйренген әдіс-тәсілдерімді қолдану барысында сабағымыздың өн бойы түгелдей және сонымен бірге өзіміз де өзгердік. Бұл жерде дәстүрлі сабағымыз
Блум өлшемдеріне негізделіп құрылған сындарлы сабақпен ауыстырылды. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған. Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдерін жүзеге асырады деген тұжырымға негізделеді.
Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез- келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
Сындарлы оқытуда мұғалім қызметіндегі маңызды дүние- жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі керектігін толықтай мақұлдаймын.
Алдымен орта мерзімді жоспар кұруда нақты, дәл сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиженің қол жетімді болуы жәнеде түрлі әдіс- тәсілдер мен қосымша мәліметтер топтамасын алдын- ала жинақтап және де сабақ құру кезінде оқушы мүмкіндігін, қабілетін, оларға дайындалатын деңгейлік тапсырмалардың да ескерілуі сонымен бірге өз тарапымнан болатын іс- әрекетімізді де жан- жақты ойластырудың өзі мен үшін үлкен өзгеріс екеніне мектептегі тәжірибе кезінде көзім жетті. Осы мектептегі машық кезінде әдіс- тәсілдерімді қолдану барысында жетістіктермен бірге қиыншылықтар да болып отырды. Жаңа деңгейлік форматтағы оқытудың ең басты мақсаты- алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру болып табылады.
Сондықтан сындарлы оқытуда сабақты сергіту тренингін өткізуден бастадым (амандасу, сергіту тренингі, топқа бөлу). Осы өткізілген сергіту тренингтері мен топқа бөлу әдістері оқушыларда үлкен өзгерістің болғанын көрсетті. Сынып оқушылары арасында жағымды атмосфера туындап, сабағымыздың үздік әрі сапалы өтуіне үлкен әсерін тигізді.
Осы тәжірибе кезіндегі сабақтарымды өткізу барысында, үшінші сабағым басталмас бұрын үзіліс кезінде оқушыларымның «бүгінгі болатын сабағымыз қалай болады» деген сұрақтар қойды, олардан мен «неге сұрадыңыз, сабақтың бұлай өтуі ұнамайды ма» деп сұраған кезде олар өтіліп жатырған сабақтардың бір-біріне мүлдем ұқсамайтынына, бүгінгі сабақта қандай өзгеріс болатынына үлкен қызығушылық танытты, осы тұстардың өзінен үлкен өзгерісті көруге болатынына көзім жетті.
Себебі, дәстүрлі сабақтарымызда оқушы тарапынан мұндай сұрақтардың болмағаны қынжылтады.
Осы жерден мен дәстүрлі оқытудағы күнтізбелік жоспары мен сындарлы оқытудағы орта мерзімді және тізбектелген қысқа мерзімді жоспардың арасындағы алшақтық тұстары тайға таңба басқандай! Осыған дейінгі өткізіп келген дәстүрлі сабақтарымыздың мақсатын үш бағытта, яғни білімділік, дамытушылық, тәрбиелік деп құрған кезде сабақ барысында бұл қойылған мақсаттардың толықтай орындалуына терең үңілмей келгенімізді машық кезіндегі сындарлы сабақтарға құрылған орта және қысқа мерзімді жоспармен сабақ өткізу барысында дәстүрлі сабақтағы мақсатымызға қаншалықты қол жеткізгенімізді, нақты мақсаты жоқ сабақтар беріп келгенімізді түсіндік.
Осы жерден де өз тарапымда үлкен өзгерістің болғанын байқадым. Осы мектептегі тәжірибе кезінде сындарлы сабақ өткізу мұғалімнен жан- жақты да үлкен ізденісті талап ететінін түсіндім. Сындарлы оқыту кезіндегі тағы бір ерекшелік сабақ жоспарын құруда жеті модульді мүмкіндігінше ықпалдастыруды басшылыққа алсақ, ал дәстүрлі сабағымызда қолданған әдіс- тәсілдердің бір- бірімен байланысып ықпалдасуына еш назар аудармаппыз. Бағдарламада берілген жеті модульдің ішіндегі сыни тұрғыдан ойлауға уйрету модулін Блум өлшемі арқылы сабақтар құруда және оқушыға бағытталған сұрақтардың өзі осы Блум өлшемі арқылы құрылу да үлкен өзгеріс болып табылады. Осы бағытта оқушыға қойылатын сұрақ мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау, төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алатынын түсіндім және алдағы уақытта сабақтарымда сұрақты дұрыс қоя білуде оқушының жан- жақты ізденіп, ойын саралап, жетілуіне көмегін тигізері сөзсіз.
Одан әрі әдіс-тәсілдердің ішіндегі оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модуліне тоқталатын болсақ, бағалау- одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Бұрын дәстүрлі сабақта оқушы білімін бағалауда бес балдық шкаламен шектелдік және бұл жерде оқушы өзіне қойылған бағаның қалай қойылғанын, не себептен қойылғанын түсінген жоқ, ал сындарлы оқытуда дәстүрлі сабақтағы бағалауға ұқсамайтын формативті бағалаудың бармақпен, бағдаршам, мадақтау, екі жұлдыз, бір тілек, сэндвич әдіс-тәсілдерін қолдану оқушыға жігер беретінін, ынталандыратынын және де оқушылардың бірін-бірі әділ бағалайтынына куә болдым.
Алғашқыда формативті бағалаудың әдіс-тәсілдерін қолдану барысында кереметтей сәтті шықты деп айта алмаймын, бағалау барысында қиындықтар мен бұрмалаушылар кездесті, бірақ күнделікті сабақтарда қолданғаннан кейін оларда түсініп, оң қабақ таныта түсті. Осы күнделікті сабағымызда қолданудың нәтижесінде мынадай жетістіктерге қол жеткіздік, яғни, формативті бағалау тәсілінің өзінен сыныпта оқушылар арасында ынтымақтастық, достық қарым-қатынастың орнауы мен өздеріне деген сенімдерінің қалыптасуы мен үшін де, оқушы үшін де үлкен өзгеріс болды деп айта аламын және болашақта формативті бағалауды өз тәжірибемде жиі қолданамын деп жоспарлаймын. Алдағы уақытта бағалауды оқытудағы қиындықтарды анықтау барысында, кері байланыс арқылы өз ойларын білдіруде, сұрыптау мен болжау жасауда, оқытылатын бағдарлама мазмұнын басшылыққа ала отырып, оқыту стилінің мақсатын тиімді қолданамын.
Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни тұрғыдан ойлау мән-мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады деп айтқандай осыған дейінгі дәстүрлі сабақтарымызда да сыни ойлаудың кейбір әдістерін қолдандық, бірақ сыни ойлауды тек жоғары деңгейлі оқушымыз көрсетіп келген болса, машық кезіндегі сындарлы сабақтарымызда қабілеті төмен оқушымыздың өзінде де бір серпілістің байқалғаны анық.
Яғни, оны сабақ өткізу барысында қолданылған тиімді әдіс-тәсілдердің арқасында мысалы, топпен, жұппен болған жұмыстардан алған әсерінің арқасында қабілеті нашар төмен деген оқушының өзі сыни ойлау арқылы өз ойынан шағын әңгіме жазып, оны топ алдына шығып оқуға бейімделгенін байқадым, осы сәттер мен үшін де, оқушым үшін де тамаша өзгерістің бірі деп білемін. Әрбір өтілетін сабағымды Блум өлшемімен және жеті модульді мүмкіндігінше ықпалдастырып отыруда тағыда бір сабағымыздың өн бойында жүріп отыратын оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл диалог әдісі арқылы оқытудың да өзіндік ерекшелігі мол.
Олар:
● оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
● басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
● оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
● мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді.
Осы оқудан кейін өзім нені үйрендім:
● Сабақтарды өткізуде үйренген жаңа әдіс-тәсілерді жоспарлауды;
● Оқушылардың ойлау үдерістерін дамытуды ;
● Жеке жұмыс беру арқылы, оқушыны нақты бағалауды; жұптық, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыра білуді;
● Қойылатын міндеттермен, нәтижеге бағыттайтын сәйкес тұстарды қолдану мен таңдай білуі;
● Сабаққа деген қызығушылықтарының, ынталарының оянуын түсінуге тырысуы;
● Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беруді;
Оқушыларым нені үйренді:
● Оқушылар қалай оқу керектігін түсінді;
● Оқушылар мұғалім жоспарлаған оқу үдерісінің тиімді, тиімсіз жақтарын ара жігін ажыратып бағалауды түсінді;
● Құрылған сабақтың мақсатына қарай нәтижелі болуын бағалауды үйренді;
● Оқу үдерісінде белсенділік танытуды;
● Алған білімін басшылыққа ала отырып, ойын жүйелеп, өз пайымдауын жасауға үйренді;
● Өзін-өзі бағалауды үйренді.
Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

  • білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

  • жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

  • жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай:

  • әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;

  • білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу;

  • өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

  • аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Мектептің жаны- мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика мен әдіс-тәсілдерден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім (Ахмет Байтұрсынов) дегендей, қазіргі ұстазға қойылатын талап қандай болса, ұстаз сол талапты орындайтындай жаңалыққа жаны құмар, шәкірт жүрегінен орын таба алатындай жаңашыл ұстаз болуы керек деп ойлаймын.
Жалпы осы үшінші деңгейлік оқуда мен өзім және де өскелең ұрпаққа тәрбие мен білім беру баспалдағының тағы бір жоғары сатысына көтерілдім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет