ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Еркегалиева Ж. А.(Батыс Қазақстан)
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауына ХХI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Мұндай мақсатқа жету үшін, алдымен, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен оқу құралдарын заман талабына сай жетілдіру қызметін жүзеге асыруды қажет етеді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруді маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық, инновациялық технологияларды меңгеру.
Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шет тілді оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді. «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А.Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты.
Ұстаздардың сабақты жобалаудағы жауапкершілігі педагогтардың шетел тілінде нәтижелі тілдік қарым-қатынас жасауына мүмкіншіліктер туғызады. Олар аз уақытта жаңа технология жәрдеміне үлкен жетістіктерге жете алады. Оқудың дәстүрлі үрдісіне инновациялық технологияны ендіру, оқытушылар мен студенттерге дәстүрлі формаларды жаңа әдістерді жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар жаңаларды да, атап айтқанда: тренингтер, дөңгелек үстелдер, пресс-конференциялар және т.б. Мұғалімдердің біліктілігі олардың педагогикалық қарым-қатынаста жағдаят жасауда көрінеді, онда оқытушылар да, оқушыларда таңдау және бақылау мүмкіншілігіне ие болады. Инновация дегеніміз тек қана жаңалық енгізу емес, сонымен қатар жаңаны дәстүрлі оқу-тәрбие үрдісіне қолдана білу.
Жаһанданған интернет жүйесін қолдану негізінде, тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, жүйе материалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға мүмкіндік туады. Интернет жүйесін пайдалана отырып, тілін үйренуші елдің өкілдерімен байланысқа түсе алады.
Оқушылардың шетел тілін үйренуге деген ынтасын арттыру олардың төмендегі шараларға қатысуы негізінде жасалынады: диспуттар, байқаулар, олимпиядалар және т.б.
«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.
Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:
электрондық пошта (е- mail), телеконференция, видеоконференция;
жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web
серверге жеке шығару;
ақпараттық каталогтар (Yahoo InfoSeek\ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Alta, Vista, HotBob, Open Text) жүйе ішіндегі әңгіме (Chat).
Оқушылар компьютермен жұмыс жасай отырып, мұғалімдер психологиялық тұрғыдан да жеңілдіктерге ие болады. Атап айтқанда, оқушылардың жасаған әрбір жұмысына берілетін бағаның, олардың жасаған қатесін қайталаулар негізінде көрсете отырып, яғни жұмыс нәтижесін мақұлдап немесе белгілі бір дәрежеде қоштамай, өз пікірін білдіріп отыратын оқытушының тікелей қатыспауы, оқушыларға өз бетінше жұмыс жасап, өзіне сенімділік болуын қамтамасыз етеді.
Оқытушы тіл үйренушілердің жеке тұлға ретінде өз тапсырмаларын орындап, жұмыс қорытындысын белгілейтін әлеуметтік-психологиялық жағдай туындата алатын, олардың жұмысына бағыт-бағдар беретін бірден-бір субьект.
Қазіргі уақытта шетел тілін оқытудың коммуникативтігі, интерактивтілігі, аутенттігі тілді үйрету үрдісінің мәдени контексте болуы үстемдікке ие болуда. Аталған ұстанымдар коммуникативтілік қабілетінің компоненті ретінде мәдениетаралық біліктілікті дамытудың алғы шартын жасайды. Шетел тілін дәстүрлі оқытуда тіл үйренушілер тілдік жаттығуларды жасап, қажетті материалды жаттаумен ғана шектеледі. Шетел тілінде тілдік қарым-қатынасқа үйрету үшін шынайы, өмірлік жағдаяттар туындату қажет. Ол оқушылардың қажетті материалды меңгеруіне және соған сәйкес мінез-құлқын қалыптастыруға жағдай жасайды. Аталған мәселені шешуде Интернет жүйесі айтарлықтай маңызға ие.
Заман ағымына сай күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғылары мен теледидарды, комьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауымен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Мұғалімдердің өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға, флешкаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Әсіресе олардың тиімділігі:
Қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды;
Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі болады;
Экономикалық тиімділігі зор;
Білім сапасына тигізер әсері зор. Әсіресе тіл сабақтарын игеруде.
Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде тиімді;
Мұғалімнің, оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.
Оқытудың компьютерлік технологиясын енгізу оқу-тәрбие қызметін басқаруды интенсивтендіру мен оптималандырудың жаңа принципті мүмкіндіктерін ашады [4]. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын жүзеге асыру мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді, өз бетімен танымдық және тәжірибелік-зерттеушілік қызметін меңгеруге көмектеседі, білім алушылардың өз бетімен оқу қызметінің мәдениеті қалыптасады.
Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану-бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден-бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым-қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады, сондай-ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Оқытудың жаңа технологияларының мақсаты-оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алуында.
Ағылшын тілін меңгеруде ақпараттық құралдар пайдалану оқытушы мен оқушылардың ізденушілік және шығармашылық қабілеттерінің дамуына, оқушылардың тілдік біліктілігінің, тыңдау дағдыларының, сөйлеудің қалыптасуы мен дамуына, жазу әрекетін жетілдіруге, тұлғаның шығарма тұрғыдан шыңдалуына зор әсерін тигізеді. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада ағылшын тілін сазды кескіндемелік анамациялық иллюстациялар арқылы бере отырып, ағылшын тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғаруға болады. Бұл кездегі ұсынылған формалар, көрсету құралдары, дизайн көркемдік және бейнелік, т.б. шешімдердің үйлесім табуы ағылшын тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушылардың барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілеттерін арттырып, бейнелік қабылдауын, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдау және тануына негіз болатындығын байқауға болады. Мультимедиа оқушылардың берілген ақпаратты қабылдау кезіндегі көру және есту бейнелерін өзара үйлестіріп, салыстырмалы мәнерлігін құрайды. Шет тілін оқытуда интернетті сабақта пайдаланудың негізгі артықшылығы сол жан-жақты ақпараттар алу. Интернетті сабақта пайдаланғанда шет тілінде электронды оқу курстарымен оқушы жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Шет тілін оқытуда бұл ел тану, әр түрлі энциклопедиямен танысуға мүмкіндік береді. Chat (ағылшын сөзі-«әңгіме») электронды поштаға шығу арқылы оқушылардың жүйеде басқа шет ел оқушыларымен сөйлесе алады. Олар сөз қорларын кеңейтіп, өз бетінше сабақ материалдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |