Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ



бет664/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   660   661   662   663   664   665   666   667   ...   679
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Сейтен М.С., Орынбасарова Б.Д. (Ақтөбе)

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мектептерін көтерудің тиімді – жолы білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. « Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінде қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру сала сында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.


Елбасының « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай- ақ«Он - лайн» тәсілінде оқытутәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарларын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді.Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек.[5]Талап қатаң, дұрыс қойылған жағдайда кәсіптік оқытуда оқушыларда мынадай өзгерістер қалыптасады:
- Компьютерлік сауаттылығы жоғарылайды;
- Өз мамандығына деген қызығушылықтары артады.
- Шығармашылық шабыты шыңдалады.
- Ғылыми көзқарасы қалыптасады.
- Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолданудағы психологиялық кедергілер жойылады;
- Оқытудағы модернизациялауға деген ұмтылыс пайда болады
– Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман қалыптасады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы –оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімделу болып табылады.[1]Мемлекеттік бағдарламада оқу үрдісін педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану – жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі делінген.Білім беру жүйесін ақпараттандыру қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез- келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.[4]
Технология → оқыту→оқытудың интерактивті режимі.
Оқыту→оқыту технологиялары→ ақпараттық технологиялар; компьютерлік технологиялар ; мультимедиялық технология.
Оқыту технологиялары: компьютер, интернет, коммуникация, электронды пошта, электронды оқулық.
Елбасы атап көрсеткендей, « Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет». Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру - қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.Білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап кояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.[2]
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері- жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптасыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам- ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек.
Ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын қалыптастырудың негізгі тәсілдеріне мыналар жатады:
-ақпараттарды өңдеудің компьютерлік технологияларын теориялық және практикалық тұрғыда оқып-үйрену;
-әр түрлі қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыздандыруды оқып- үйрену және оны оқыту процесінде қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасау;
-ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жеке пәндерді оқытуда қолданудың тиімділігін дәлелдей білу.
Ақпараттық мәдениет – адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол кеңістікте еркін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара іс-әрекетке түсуге мүмкіндік беретін білім деңгейі.Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамытуды қарастыра отырып, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарының динамикалық түрде өзгеріп отыратынына және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетіне іргелі операциялық негіздеріне ауысуды білдіретіндігімен, мұнда әрбір оқушы ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана алуы тиіс екендігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Жаңа ақпараттық технологияны қолдану артықшылықтары:
1.Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып,оқу сапасын арттырады;
2. Оқытудың көркемділігі артады,яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекті түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
3.Оқытудың тиімділігі жоғарылайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалаптастыра отырып,олардың білімге құштарлығын,табиғи сұранысын қанағаттандырады;
5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемделген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді;[3]
Ақпараттық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпараттық-коммуникативтік қызметі

Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Оқыту үрдісі ақпараттық-коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   660   661   662   663   664   665   666   667   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет