Дербестік құзыреттілік –өз мамандығынұқың шеңберінде тұлғаның қасиетін тарата білу және дамыту түрлерін пайдалана білу, кәсіби өсуіне дайындығының болуы.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін- өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады.Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар ұстаздар қауымынан тек білім ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақтарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы, тез шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілетті , нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы- бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім- қазіргі оқушылардың шығармашылығын дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге білімнің жетіспеушілігін сезінуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтиже болын табылмақ.
Жалпы орта білім берудің мазмұны оқушылардың білім, білік, дағды алуын ғана қамтамасыз етеді. Бұл білім беру мазмұны оқушылардың өмірге араласу құзыреттілігін шектейді. Осыған байланысты қазіргі білім саласындағы басты проблема-әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалақ енгізудің тиімді әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыратын кәсіби шеберлігі бар ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты екені түсінікті. Осыған орай болашақ маманның тұлғасы мыналардан көрінуі тиіс.
Болашақ маман қоғамдық –педагогикалақ жүйеге ие бола алатын, ынталы шығармашылық ойлау қабілеті жетілген ,өзін-өзі тәрбиелеу дағдасы қалыптас- қан, еңбек пен тәртіп ережесін бойына сіңірген , гуманистік, тілдік қарым-қатынасты орната алатын маман;
Болашақ мамандардың бойында адамгершілік қасиеттерді жоғары бағалайтын және оны өз бойына қалыптастырумен бірге шәкірттеріне дарыта білетін іскер де қабілетті маман даярлауда мемлекетіміз көптеген шаралар ұйымдастыруда. Оған дәлел мұғалімдердің біліктілігін арттыруда жоғары деңгейде курстар ұйымдастырылды.
Сандықтан әртүрлі ситуациялардан шешім қабылдау, әрекет жасау қабілетін есепке алатын құзырлылықты нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде зерттеу бүгінгі күннің талабы.
Қоғам дамуындағы білім беру ісінің жаңа реформаларына сәйкес мұғалімнің кәсіптік еңбегінің нәтижелі болуы оның педагогикалық, психологиялық біліміне, жалпы білім деңгейінің тереңдігіне, жас ерекшелік мәселелерді ,оқу-тәрбие процесін оқушы ойын жақсартуға, оның білімге, ғылымға деген көзқарасының, дүниетанымының, дұрыс қалыптасуына байланысты. Кез-келген оқу процесі қиыншылықтар мен қайшылықтар туғызып отырады. Мұндай мәселелерді шешуде танымның тірек схемасын басшылыққа ала отырап оқушылармен жұмыс жүргізгенде есті дамыту, көңіл күй мәселесі, берілген білімді қабылдау, ойды дамыту, қиялына әсер ету сияқты факторлар оқушымен ынтымақтасқан түрде мұғалімнің кәсіптік шеберлігіне байланысты.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін, психикалық жағыдайын бағалай алмаса белгілі мақсатқа қол жеткізе алмайды. Сондықтанда пәндік дайындығы бар мұғалім ғана оқу барысын әдістемелік тұрғыдан байыта алады. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әрдайым өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.
Шығармашыл мұғалім үшін өзгенің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз тәжірибесі мен жаңалықтарын басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.
Абай атамыз:
«Ақыран жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға»-деп айтқандай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние емес, ол өмір бойы ізденушілікті, зеріттеушілікті талап ететін мамандық екенін аңғарғанда ғана нәтижеге жете аламыз.Сондықтан да әрбір ұстаз оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, іскерлік пен дағдыларды қолдану қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |