Пайдаланған әдебиеттер
Р.М. Қоянбаев,Қ. Т. Ыбыраиымжанов. Педагогика-Түркістан , 2005
Қазақ Тарихы №5 (116) 2012
12 жылдық білім №7 2005
ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Альжанова Ж.Е. (Қызылорда)
Блум таксономиясының мақсаты танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын, оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтарды өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға аударуға ынталандыру. Танымдық саладағы дағдылар белгілі тақырыптағы білім, түсінік пен сыни ойлау тұрғысынан қаралады. Дәстүрлі білім беру осы саладағы, әсіресе төмен тәртіптегі мақсат пен дағдыларын алға тартуға ұмтылады. Блум таксономиясы ең төменгі үдерістерден жоғарыға қарай кезең-кезеңмен қозғалуды көздейтін алты кезеңді қамтиды:
Білу – негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды есте сақталғанын растау;
Түсіну - негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін көрсету (Аударма жасау, интерпретация, экстраполяция);
Қолдану – жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану;
Талдау-дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу, қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау;
Жинақтау-жаңа үлгіде әр түрлі тәсілдер мен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу бойынша балама шешім ұсыну;
Бағалау - пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар критерийлердің негізінде идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау.
Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтік үлгі құруы керек, оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс істеуі керек. Ол үшін оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына көңіл аудару қажет.
Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, талдай отырып, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсету мүмкіндігіне ие болады, «Оқыту бағалау ретінде» деген ұғым мен формативті бағалау қағидаты білім алып қана қоймай, білімді түзетін әдістерге қатысу арқылы оқу дегенді білдіреді.
Рефлексивтік оқытуға балалардың үйренгендері жайында сыни тұрғыдан ойлауы жатады. Бұл олар көрсеткен сыни тұрғыдан ойлау тәртіптері мен дағдыларын зерттеуді, жазып алуды және бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттер мен дағдылар оқу үдерісіндегі белгілі бір дәлелдерді талқылап, қарастыруды қажет ететін тапсырмаларды орындау барысында көрініс береді. Бұл арқылы олар, мәселен, саяхатшылар мен көлік туралы біледі, өйткені бұл адамдардың өмір жолын тілге тиек ете отырып, қажеттіліктерді танып-білуге құрылған немесе тарихтағы өзгерістер мен үздіксіз ізденістер туралы біліп, адамның әлеуметтік-экономикалық өміріне әсер ететін қоршаған орта мен технологияның арасындағы қарым-қатынастармен танысу мүмкіндіктеріне ие болады. Сонымен қатар гуманитарлық ғылым мен социологияның кез келген аспектісін, мысалы, балалық шақ пен отбасы, тамақ, аспаздық ілімі мен тағамдар, киім мен дүкенге бару, бос уақыт пен спорт, музыка мен ойын - сауық сияқтыларды талқылауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |