-БӨЛІМ: ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ 7-САБАҚ
Тақырыбы: Кел, қайталайық!
|
Мектебі:
|
Күні, айы:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
1-сынып
|
Сабаққа қатысқан Сабаққа қатыспаған оқушылар саны: оқушылар саны:
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
1.1.3.1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен
сұрақтарға жауап беру, сәйкес суреттер таңдау.
1.2.4.1. Шағын мәтінді / қарапайым оқиғаларды мазмұндау.
1.4.1.1. Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.
1.4.2.1. Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.
1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ әріптері кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар:
8-бөлімде өткен тақырыптарды қандай деңгейде меңгергендерін көрсете алады. Мұғалімнің сұрақтарына жауап бере алады, басқа оқушыларға сұрақ қоя алады.
|
|
Оқушылардың басым бөлігі:
8-бөлімде өткен тақырыптар бойынша өзара тілдесе алады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтап қолдана алады.
|
|
Кейбір оқушылар:
8-бөлім бойынша өткен материалдарды өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы (2-5 минут)
|
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
|
|
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
|
(МК, Ү) Бұл сабақта оқушылар 8-бөлім бойынша өткен тақырыптарды қайталайды, еске түсіреді. Мұнда өткен тақырыптармен байланысты 8 сюжет берілген. Оқушылар мұғалімнің көмегімен әр сюжет бойынша жұмыс жасайды. Ең алдымен оқушылар әр сюжетте берілген диалогтің толық нұсқасын тыңдайды, әр сюжет бойынша хормен, жеке-жеке қайталайды. Содан кейін берілген суреттер бойынша диалогті толықтырып айтады. (МК, Ұ) Мұғалім оқушыларға оқулықтағы суреттерде берілген сұрақтарды қояды, оқушылар оларға өз қалауы бойынша жауап бере алады:
- Мынау қай қол? (Мұғалім оқушының оң немесе сол қолын нұсқап көрсетеді). Оң қолыңда неше саусақ бар? Сен таңертең не істейсің? Бұл кім? (Мұғалім мамандық иелерінің суретін көрсетеді: дәрігер, мұғалім, аспаз, суретші). Суретші не істейді? Сен қайда барасың?
|
Оқулық
Аудиодиск:
8.7.1.;
8.7.2.;
8.7.3;
8.7.4:
|
|
Сенің тісің ауыра ма? Сен спортзалда не істейсің? (Ж) Сонан соң оқушылар берілген сұрақтар бойынша жұппен жұмыс істейді. Олар сұрақтарға өз қалауы бойынша жауап бере алады.
(МК, Ұ) Сондай-ақ бұл сабақта мұғалім дене мүшелері, спортзал, аурухана, мамандық атауларын, қайда баратынын, не істейтінін пысықтауға арналған қосымша тапсырмалар (ойындар) ұйымдастыра алады. Осы бөлімнің соңында оқушылардың:
- дене мүшелерін атай алу (бас, қол, аяқ, саусақ);
- таңертең не істейтінін айта алу (жаттығу жасаймын, тамақ ішемін, мектепке барамын);
- қайда баратынын (ауруханаға, дүкенге, тауға, үйге, саябаққа, мектепке) айта алу;
- ауырады / ауырмайды сөздерін орынды қолдана алу;
- спортзалда не істейтінін айта алу (жаттығу жасаймын, жүгіремін, доп ойнаймын);
- неге? сұрағына жауап бере алу дағдылары қалыптасуы қажет.
(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
|
Тақырыптық карточкалар (дене мүшелері, мамандықтар тс.с).
№2 жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы 41-45 минут
|
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.
|
|
Қосымша ақпарат
|
Қорытындылау
|
Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
|
1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?
2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?
|
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?
1:
2:
|
Достарыңызбен бөлісу: |