Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы. Астана, 2016



бет17/20
Дата16.01.2020
өлшемі301,82 Kb.
#56018
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 сынып полностью



7-БӨЛІМ: ТАГАМ ЖӘНЕ СУСЫН 5-САБАҚ


Тақырыбы: Сен не жейсің?

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.4.1. Шағын мәтінді қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не айтқанын түсіну және тілдік нормаларды

сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация

бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? неше?) қою.

1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу, төл дыбыстарды дұрыс айту.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Жеміс түрлерін атай алады, өзінің не жейтін / жемейтінін айта алады, һ дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды, жаза алады, һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын атай алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, сыныптағы оқушылар тақырып бойынша сұрақ қоя алады, мұғалімнің көмегімен жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады.



Кейбір оқушылар:

Жеміс атауларын толықтыра алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады, һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын толықтыра алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмадағы суретке аударады. Сурет бойынша жеміс атауларымен таныстырады. Сондай-ақ жеймін сөзінің мағынасын түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша жеймін сөзін жеміс атауларымен байланыстыра қолдануға үйретеді. Мысалы: Мен алмұрт жеймін. (МК, Ұ) 2-тапсырма арқылы оқушылар жеміс атауларын қайталайды, сондай-ақ мұғалім жеймін сөзінің болымсыз түрін түсіндіреді (жеймін - жемеймін). Оқушылар берілген кесте бойынша жеймін, жемеймін сөздерін өз қалаулары бойынша қолданады. (Ж) 3-тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген екі сөйлесу үлгісі бойынша өздерінің қандай да бір жемісті жейтін / жемейтіндерін айтады. Сондай-ақ алғыс айту үлгісін (Рақмет!) қолдануға жаттығады. Оқушылардың арасындағы өзара сыпайылыққа көңіл бөлінеді. Үлгі:

Оқулық

Аудиодиск: 7.5.1.; 7.5.3.; 7.5.5.






- Әсет, алма жейсің бе? - Әсет, алма жейсің бе? –Иә, жеймін. - Жоқ, жемеймін. Рақмет! -Міне, ал.

- Рақмет!

(Ұ) 4-тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар жеміс атауларын қайталайды. Сұрақтар: Сен не жейсің? Сен не жемейсің? (МК, Ұ) Мұғалім һ дыбысымен таныстыру жұмысын Алмабектің суретінен бастайды. Алмабектің һ дыбысын үйреніп отырғанын түсіндіру арқылы оқушыларды һ дыбысымен және оның әрпімен таныстырады. Аудиодискіден һ дыбысының айтылуын және һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім оқушыларға һ дыбысын айтқан кезде тілдің, жақтың, еріннің қатысы қандай болатынын түсіндіру арқылы дыбысты дұрыс дыбыстауға жаттықтырады.

Мұғалім оқушыларға дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы түсінік береді. Оқушылар һ дыбысының дауыссыз дыбыс екенімен танысады. Мұғалім һ дыбысы дауыссыз дыбыс болғандықтан, оқулықта көк түспен берілгенін түсіндіреді және һ дыбысы кездесетін сөздер қатарын суреті бойынша үйретеді. Олар: айдаһар, жиһаз, гауһар. Сондай-ақ мұғалім оқушыларға һ дыбысы кездесетін есімдер туралы да ақпарат береді (Гауһар т.б.). Осыған орай оқушылар «Сенің атың кім?» деген сұрақты қайталайды, еске түсіреді.

«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылар сұрақтарды қайталайды (кім? не? неше? қандай?), мұғалім һ дыбысы кездесетін сөздерге қандай сұрақтар қойылатынын түсіндіреді. Мысалы: айдаһар (не?), жиһаз (не?), гауһар (не?), Гауһар (кім?). (МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 7.5.



Сабақтың соңы

(41-45 минут)

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



7-БӨЛІМ: ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫН 6-САБАҚ


Тақырыбы: Мен салат жасаймын

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.2.4.1. Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.1.3.1. Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация / суреттер / сызба таңдау. 1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Көкөністерді атай алады, салат жасау үшін қандай

көгөністер қажет екенін айта алады, оларды көгөністер арасынан

таңдай алады.





Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, өз қалауы бойынша ерекше ас мәзірін (салат) жасай алады.





Кейбір оқушылар:

Көгөніс атауларын толықтыра алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмада берілген көгөніс атауларына аударады. Оларды (көгөністерді) суреті бойынша атау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін осы тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі түсіндіріледі. Берілген үлгі бойынша мұғалім оқушыларға салат жасау үшін қандай көгөністер қажет екенін айта алуды үйретеді. Мысалы:

- Сен не жасайсың?

- Мен салат жасаймын. Маған сәбіз және орамжапырақ керек.

(МК, Ұ) 2-тапсырмадағы кесте бойынша мұғалім «Маған ... керек» деген сөйлем үлгісін жаттықтырады. Оқушылар «Саған не керек?» деген сұраққа кесте бойынша жауап береді. Оқушылар берілген көкөністерден өзі қалағанын таңдап айтады. (Ж) 3-тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі бойынша оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылармен тапсырмадағы сөйлесу үлгісін тыңдау, рөлге бөліп оқу жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеседі.



- Сен не жасайсың?

- Мен салат жасаймын.

- Саған не керек?

- Маған сәбіз және орамжапырақ керек.

- Салат дайын ба?

- Иә, міне, дайын.

- Ім-м, қандай дәмді!

(Ұ) 4-тапсырмада берілген сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар көгөніс атауларын қайталайды, өздерінің салат жасайтындарын және оған қандай көгөністер қажет екенін айта алады. Сұрақтар: Сен не жасайсың? Саған не керек?

(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



Оқулық

Аудиодиск: 7.6.1.; 7.6.3.

№2 жұмыс дәптері

Қосымша тапсырма: 7.6.



Сабақтың соңы 41-45 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?






Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:




7-БӨЛІМ: ТАҒАМ ЖӘНЕ СУСЫН 7-САБАҚ


Тақырыбы: Балмұздақ

Мектебі:

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні:

1-сынып

Сабаққа қатысқан

оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған

оқушылар саны:

Оқу

бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1. 1.3.1. Таңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес сурет таңдау.

1.2.4.1. Шағын мәтінді/қарапайым оқиғаларды мазмұндау.

1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.3.5.1. Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.

1.5.2.2. Мұғалімнің көмегімен э, ө, ү, ұ, і, ң, қ, т, һ әріптері кездесетін сөздерді дұрыс айту және жазу.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Балмұздақтың қандай болатынын (дәмді, тәтті, суық) және өзінің балмұздақты жейтін / жемейтінін айта алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырып көлемінде өзара сөйлесе алады. Қазақ тіліне тән дыбыстарды таниды, осы дыбыстар кездесетін сөздер қатарын дұрыс жаза алады.



Кейбір оқушылар:

Балалардың басқа да сүйікті тәттілерін атай алады, оларды сипаттай алады, сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы (2-5 минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.




Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмадағы сөйлеу үлгісіне аударады. Сөйлеу үлгісі бойынша дәмді, тәтті, суық сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша оқушылар «Балмұздақ қандай болады?» деген сұрақпен танысады. (Ұ) 2-тапсырмада берілген сұраққа оқушылар өткен сабақтар бойынша өз қалауымен (жеймін, жемеймін) жауап бере алады. Сұрақ: Сен балмұздақ жейсің бе? (МК, Ұ) 3-тапсырмадағы кесте бойынша оқушылар дәмді, тәтті, суық сөздерін қайталайды. Оқушылар өз қалауы бойынша «Балмұздақ қандай болады?» деген сұраққа жауап береді.

(МК, Ж) 4-тапсырмадағы сөйлесу үлгілері бойынша оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқушылар сөйлесу үлгілерін тыңдайды, рөлге бөліп оқиды. Содан кейін осы үлгі бойынша өзара сөйлеседі. Оқушылар жеймін / жемеймін сөзін қайталайды, сондай-ақ өздерінің балмұздақты неге жейтін / жемейтіндерін түсіндіре алуға жаттығады. Үлгі:



Оқулық

Аудиодиск: 7.7.1.; 7.7.4.






- Сен балмұздақ жейсің бе?

- Иә, мен балмұздақ жеймін. Балмұздақ тәтті.



- Сен балмұздақ жейсің бе?

- Жоқ, мен балмұздақ жемеймін. Балмұздақ суық.









(Т) Осы бөлім бойынша өткен сөздер арасынан қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер қатары іріктеліп алынады (өрік, алмұрт, қызанақ, қияр, ботқа, сүт, бауырсақ, балмұздақ). Мұғалім оқушыларға осы сөздердің суреті берілген карточкалар таратады. Оқушылар 2-3 топқа бөлініп жұмыс істейді. Топтық жұмысты екі түрлі өткізуге болады:

1) Оқушылар суреті бойынша сөздерді жазып шығады;

2) Оқушыларға осы сөздер жазылған парақ таратылады. Оқушылар тиісті әріптерді толықтырып жазып шығады. Мысалы:

...р...к. алм...рт, ...ызана..., ...ияр, бот...а, с.т, бауырса..., балм...зда....


Қазақ тіліне тән дыбыстар кездесетін сөздер жазылған карточкалар.




(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау

арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған

білімдерін бекіте түседі.

(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай-ақ АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.



№2 жұмыс дәптері.

Қосымша тапсырма: 7.7.



Сабақтың соңы

41-45

минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады.




Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?




2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?




Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?



1:

2:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет