Оқулық 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған 3-басыылымы, өңделген Алматы «Атамұра» 2016



бет232/251
Дата26.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#155042
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   251
Байланысты:
ҰБТ Қазақстан тарихы 8 сынып Атамұра Алматы
Home alone 2, Saba-ty-ba-ylau-para-y-osymsha, Шамалар. Масса. 1 сынып, Хфөпма 15, stud.kz-36854, Кушербай Мадина , философия 9 Камбаралиева Н, философия 9 Камбаралиева Н, 1zX1R5JBYxVpSZQ62VZMp41z-7vDwifwM
XIX ғасырдың 40-60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын қосуға болады. Бұлар «зарзаман» дәуірінің ақындары аталды. Олардың поэзиясының негізгі сарыны өткен заманды, қазақ халқының бұрынғы ерлік істері мен аңызға айналған өмірін аңсау, жаңа заманның зардаптарын сынау болды.
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» деген өлеңінде Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезіндегі қазақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттейді.
«Еділді тартып алғаны -
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысының болғаны.
Маңғыстауда үш түбек
Оныдағы алғаны.
Үргеніш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны –
Қоныстың бар ма қалғаны?!
Мал мен басты есептеп,
Баланың санын алғаны –
Аңғарсаңыз жігіттер,
Замананы тағы да –
Бір қырсықтың шалғаны!»
3. Ақын, әнші-композиторлар. Біржан сал Қожағұлұлы (1834- 1897) Қазақстанның солтүстік өңірінде дүниеге келді. Ол халық арасында Біржан сал деген атпен белгілі болды. Жас кезінен-ақ ән салуға, өз жанынан ән шығаруға бейім еді. Ақын, сазгер әрі әнші ретінде ел арасында кеңінен танылды. Екі сыныптық қазақ-орыс мектебінде сауат ашты, содан соң Петропавл қаласындағы медреседе оқыды. Араб, парсы, шағатай тілдерін жақсы білді. Біржан сал махаббат лирикасы саласында көптеген ән шығарды. Оның музыкалық-ақындық шығармашылығының демократиялық сипаты айқын байқалады. Біржанның әндерінде байлардың, старшындар мен болыстардың озбырлығы әшкереленеді. Ақын әйелдердің теңсіздігін жою жөнінде жар салды. Біржан салдың «Қаламқас», «Ақтентек», «Адасқақ», «Ғашығым», «Айтбай» т.б. 40-қа жуық әні бар.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ музыкасындағы әйгілі тұлғалардың бірі аса көрнекті ақын, композитор Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929) болды. Ол Баянауыл округінің Ақшоқы деген жерінде дүниеге келген. Алғашқы сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Омбыда оқып білім алған. Ол домбыра, скрипка және гармонь тартуды жастайынан үйренді. Көрнекті орыс жазушылары мен ақындарының шығармаларымен таныс болды. Жаяу Мұса өзінің өлеңдері мен әндерінде жергілікті болыстардың зорлық-зомбылықтарын, патша үкіметінің отаршылдық саясатын батыл әшкереледі. Оның атақты «Ақ сиса» әні әлеуметтік әділетсіздікке қарсы наразылықтан туған. Ол өзінің отаршыл үкіметке қарсылығы үшін «қырдағы қауіпті адам» ретінде сотталып, Тобыл қаласына жер аударылады. Сонда түрмеде отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторына хат жазып, өзін армияға жіберу жөніндегі өтінішін жолдайды. Оның бұл тілегі қабыл алынып, Тобылда, Орынборда, Қазанда, Новгородта, Мәскеуде, Владимирде және Петербургта, сондай-ақ Польша мен Литвада әскери қызметте болады. Ол «Толғау», «Бозторғай», «Жанбота», «Ғашығым» сияқты 70-тен астам ән шығарады.
Қазақ халқының атақты ақыны, композитор-әнші Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) Қазақстанның солтүстік өңірінде дүниеге келді. Сауатын ауыл молдасынан ашып, кейін Қызылжар қаласындағы медреседе оқыған. Ол бала кезінен өлең шығарып, музыкамен әуестене бастайды. Қасына ерген талантты жастармен ауыл-ауылды аралап ән салып, домбыра тартады. Халық оны құрмет тұтып, «Ақан сері» атады. Ол музыкалық-поэтикалық мол мұра қалдырды. Оның бізге 40-тан астам әні жетті. Ақан серінің «Алтыбасар», «Сырымбет», «Мақпал», «Ақтоқты» әндері жан тебірентерлік әсерлі, сазды келеді, Ақан серінің шығармашылығына қатты әсер еткен жағдай сүйікті тұлпары Құлагердің қаскөй зұлымдардың қолынан өлтірілуі еді. Ақан серінің өндерінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік мәселелері, ел билеген әкімдердің озбырлық әрекеттері шебер бейнеленеді.
Бұл кезеңде басқа да дарынды ақын-композиторлардың талантты шоғыры өмір сүріп, еңбек етті, шығармашылықпен айналысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   251




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет