193
ауытқуға құжаттарды қоса алғанда, құжаттарда нақты идентификация-
лауы керек. Әдетте оларды конфигурация құжаттарына жатқызады.
Ресми келісімдермен (құжаттармен) уақыттың белгілі бір кезіндегі
конфигурацияның базалық желілерін орнату және оларды конфигурация-
ны басқарудың бастапқы сәті түрінде қолдану қажет. Конфигурацияның
базалық желілері бекітілген өзгерістермен қатар ағымдағы бекітілген
конфигурацияны құрайды.
Конфигурация құжаттарының алғашқы шығуынан кейін ондағы
барлық өзгерістер басқарылмақ. Өзгерістердің әсері, тұтынушылардың
талаптары және конфигурацияның базалық желілері өзгерістерді өңдеу
кезіндегі формалдылықты сақтау дәрежесін анықтайды және осы
өзгерістердің жіктелуі үшін қолданылатын жіктелудің кез келген жүйесі
үшін негіз бола алады. Конфигурацияны басқаруға келесі процедуралар
кіреді, бұлар өзгерістерді басқару кезінде нақтылап жазылуы керек:
Достарыңызбен бөлісу: