168
кемшілігі нақты объекттерді идентификациялау үшін пайдаланылатын
белгілер санының көптігі болып табылады.
Цифрлық нөмірлер әдісі.
Өте кең көлемде қолданылатын әдістердің бірі болып табыла-
ды. Оның нөмірі объект атауымен үйлесіп объектті бір мағыналы
идентификациялауға мүмкіндік береді.
Іс жүзіндегі қолданыста нөмірлік идентификациялаудың екі негізгі
тәсілі бар: реттік және сериялы-реттік. Объектке реттік нөмір нөмірлеуді
жүзеге асыратын ұйым орнатқан тәртіп негізінде беріледі.
Объекттерді реттік нөмір арқылы идентификациялаудың кемшілігі
– олардың ақпаратсыздығы болып табылады, яғни реттік нөмірлерді
иеленген объекттерді сипаттаушы қандай да бір белгілердің болмауы.
Бұл кемшілік объектті идентификациялаушы реттік-сериялы нөмірді
пайдалану кезінде аз-кем шектеледі. Реттік нөмірлердің артықшылығы
объектті идентификациялауды қарапайым әрі қысқа (белгілер саны бо-
йынша) болуын қамтамасыз етуіне негізделеді.
Жіктеу әдісі.
Біртекті объекттер тобын идентификациялау қажет болғанда пайда-
ланылады. Бұл әдістің артықшылығы оның ақпараттығы болып табыла-
ды, себебі жиынтық ішінен белгілі бір қасиеттерге ие болатын қажетті
объекттерді бөліп алуға мүмкіндік береді. Жіктеу әдісі қызметтің
көптеген салаларында кеңінен қолданылады, өйткені объекттерді
жүйелендіруді қамтамасыз етеді. Әсіресе басқару жүйелерінде
ақпаратты өңдеу кезінде нәтижелі болып келеді. Жіктеу топтамасына
берілген код нақты жіктеуіш аясында оның толық идентификацияла-
нуын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: