188
бас пландарды құрастыруда жəне де басқа техникалық құжат-
тарды жасауда пайдаланады.
Геодезиялық тірек торларының түрі жергілікті жағдайға,
жұмыс ретіне жəне құрылыс-монтаждау жұмыстарының əдіс-
теріне байланысты болады. Мысалы, ойлы-қырлы жерлерде
триангуляциялық жəне аналитикалық торларды қолданады. Жа-
бық немесе ашық (орман-тоғайлы, жазық) жерлерде полиго но-
метриялық жүріс торларын құрады. Тірек торларының қайсы-
сы болса да, олардың тірек қосындары (пункттері)
тиянақты,
ыңғайлы жəне құрылыс жүргізілетін уақыт ішінде сақталатын
жерлерге орнатылады. Сонымен бірге, өндіріс ғимаратының бір
жақ қабырғасы созылмалы, ұзын болса, құрылыстың сол жағын
екі тірек қосыны қамтамасыз етуі керек.
Құрылыс
алаңдарында қадалау негіздері, көп жағдайда жал-
пы мемлекеттік тірек қосындарына түйіспейді, себебі бұл тірек
қосындарының бастапқы берілімдері көп қателі болуы мүмкін.
Сондықтан қадалау торы, бір бастапқы берілім тірек қосынына
байланысқан, жан-жақты бос тор ретінде құрылады.
Айта кететін жағдай, мемлекеттік торларды құруда олардың
қабырғаларын өлшеуде Красовский
эллипсоидның жазықтығына
түсіруді редуциялауға, Гаусс проекциясына келтіру түзетулері
енгізіледі. Мұндай қадалау торына енгізілген түзетулер, жобаны
жер бетіне түсірген кезде қиылыспаушылықтарға əкеліп соғуы
мүмкін. Сондықтан қадалау торына ереже ретінде редуциялық
түзетулер енгізілмейді. Тек қана ойлы-қырлы, таулы аудандар-
да торлардың биіктік шамалары күрт
өзгермелі болғандық
тан,
құрылыс алаңының орташа деңгейі
– салыстырмалы биіктік
қабылданады. Есептеулер негізінде көз жеткізілгендей, абсцис-
са осімен 40
шқ
(20
шқ
оңға, 20
шқ
солға) құрылыс алаңдарында
түзетулерді ескермесе де болады.
Қадалау торының ең көп тараған түрі –
құрылыс торы
.
Құрылыс алаңында биіктік негізі ретінде триангуляция, поли-
гонометрия жəне құрылыс торы қосындарының
биіктік шамалары
алынады. Осы қосындар арқылы, ылғи III, IV класты нивелирлеу
жүргізіледі. Ғимараттар мен құрылымдардың отыруын (шөгуін),
жылжуын бақылап отыру үшін жеке (арнаулы) нивелирлік негіз
құрылады.