192
XIV тарау
ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫНДАҒЫ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕГІ
ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
§ 14.1 Жобаны жер бетіне түсірудегі геодезиялық
дайындау
Ғимаратттың немесе құрылымның жобасын жер бетіне түсі ру
үшін, геодезиялық дайындық жұмыстарын орындайды. Бұл жұ-
мыс негізгі осьтерді геодезиялық қосындарға байланыстыратын
қадалау сызбаларын жасаудан тұрады.
Қадалау жұмыстарына
керекті материалдар
графикалық, аналитикалық
немесе
бірнеше
əдістердің қосындысынан (графоаналитикалық)
алынуы мүмкін.
Графикалық əдіс.
Графикалық əдісті көбінесе, егер салынбақ-
шы ғимарат немесе құрылымдардың бұрынғы құрылыстармен
байланысы жоқ болған жағдайда қолданады. Бұл əдісте
барлық
негізгі сұрақтар план бойынша графикалық жолмен шешіледі.
Жеке нүктелердің немесе ғимарат жəне құрылым бұрыштары-
ның координаталары планнан циркульдің, транспортирдің жəне
масштабтық сызғыштың көмегімен анықталады. Əртүрлі масш-
табтағы пландардан нүктелер координаталарын алу дəлдігі жер
бетінде салынбақшы ғимараттың қадалану дəлдіктеріне əсері
үлкен болады. Планның масштабы ірі болған сайын, кордина-
талар анықтау дəлдігі арта түседі. Планнан графикалық жолмен
алынған координаталар
шамасын пайдаланып, кері геодезиялық
есепті шығара отырып, жек сызықтардың ұзындығын жəне
дирекциондық бұрышын есептейді. Нүктелердің координаталары
103-суретте көрсетілген əдіспен анықталады, яғни
Х
А
= 100 + сn; У
А
= 100 + cе,
(151)
сn, се
шамаларының ұзындығын көрсетілген тəсім бойынша мас-
штабына байланысты планнан алады.
Əрі қарай, қағаздың майысуынан
болатын қатені азайту мақ-
сатында, тағы да
nа
жəне
еd
кесінділерін өлшейді (бұл өлшеу
координаталық шаршыны толық пайдалану болып табылады),
сонда
А
нүктесінің координаталары
193
Х
А
=100 +
100
cn
na
+
; У
А
= 100 +
100
ce
ed
+
.
(152)
Аналитикалық əдіс.
Жобалаудың
аналитикалық əдісі ең дəлірегі, се-
бебі мұнда жобалық берілімдер мате-
матикалық жолмен есептелінеді. Жеке
тірек нүктелерінің коорди
ната
лары
(ғимарат жəне
құрылым бұрыштары,
үй аралық жолдардың, коммуни
ка-
ция лардың
қиылысуы)
геоде зиялық
бай
ланыстыру арқылы, жер бетінде
аспаптың
көмегімен анық
талады.
Анали
тикалық жолмен жобаны əр
бөлік ке бөліп, бір-біріне бай ланыссыз,
жеке-жеке жер бетіне түсіруге болады. Графикалық əдіске қара-
ғанда аналитикалық əдістің артықшылығы бұл əдіспен тар жер-
дегі, жол үстілеріндегі инженерлік торлар құрылымдарын жер
бетіне түсіруде оңтайлы екені көрініп тұр. Графикалық əдісте
аталған жұмыстарды атқару үшін, ірілігі 1:500 масштабты, жол
үсті инженерлік торлар құрылымдарының планы керек болған
болар еді. Құрылыс алаңында
геодезиялық тор құрылған болса,
аналитикалық əдісті қолдану өте тиімді. Бұл əдіспен ғимараттар-
дың жəне құрылымдардың ұзынабойлық жəне көлденең осьтері
геодезиялық торға салыстыра отырып қадаланады, сонда осьтер
бойынша кесінділер қосындысы шаршы немесе тік бұрышты
төртбұрыш қабырғасының ұзындығын берген болар еді.
Графоаналитикалық əдіс.
Графоаналитикалық əдісте жоба-
лаудың бастапқы берілімдерінің
біразын топографиялық план-
нан графикалық жолмен, ал қалғанын аналитикалық жол
мен
анықтайды. Графоаналитикалық əдісті көбінесе қайта құ ры лып
немесе өзгертіліп жатқан өндірістің бас планын құ
растыруда
қолданылады. Мұнда бұрыннан бар ғимараттар мен құ
ры-
лымдарды, жаңадан салынбақшыларымен аналитикалық əдіс
арқылы байланыстырады. Мұнда
геодезиялық негіз қосында-
рын пайдалана отырып, бұрыннан бар ғимарат бұрыштарының,
инженерлік торап құдықтарының, ғимаратаралық жолдардың
қиылысу жəне басқаларының координаталарын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: