6.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібі мен оқу–тәрбиелеу үрдісінің гигиеналық негіздері.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде де, мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балалардың күн тәртібіндегі сияқты, жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Олардың да жоғары жүйке қызметіне бас ми қыртысы жасушаларының жеңіл әлсіреуі және қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болып қала беруі тән. Қозу иррадиациясы, бұрынғысынша концентрациядан басым, бірақ, оған қоса, баланың көңіл тоқтату қабілетін жоғарылататын теріс индукция үрдістері де дамиды. Жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшелігімен қатар, күн тәртібін құру кезінде ағзаның басқа да мүшелерімен жүйелерінің өсуі мен даму ерекшеліктерін ескеру қажет (1 тарауды қара), яғни мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде жүру, жүгіру, өрмелеу, күрделі қорғану дағдыларын меңгеруге, сөйлеудің қалыптасуы мен жетілуіне, көптеген бұйымдармен және көріністермен танысуға, логикалық ойлаудың дамуына гигиеналық және қандай да бір еңбек дағдыларын бойға сіңіруге ерекше көңіл аударылуы қажет.
Мектепке дейінгі жаста күн тәртібіне келесі 6 құрамдас бөліктері кіреді (9.6.- кесте): өз бетінше істейтін іс–әрекеті (ойындар, еңбек, сабаққа дайындалу, серуендеу, жеке басының гигиенасы және т.б.), тамақ қабылдау, сабақтар, үзілістерді қоса, серуендер, күндізгі және түнгі ұйқы. Жасына байланысты күн тәртібі 4 топқа жіктеледі: кіші (3–4 жастағы балалар), орта (4–5 жастағы балалар), үлкен (5–6 жастағы балалар) және мектепке дайындайтын (6–7 жастағы балалар) топтарға. Күн тәртібінің құрамдас бөліктерінің құрылымы, реттілігі мен кезектесіп келуі ұқсас, бірақ ұзақтығы мен мазмұнында айырмашылық болады.
9.6.- кесте
Мектепке дейінгі топтардағы (жылдың салқын кезеңі) балалардың күн тәртібінің әр түрлі құрамдас бөліктерінің ұзақтығы (сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |