Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Χ- ТАРАУ. ЕМДЕУ – АЛДЫН АЛУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ГИГИЕНАСЫ



бет202/297
Дата14.11.2022
өлшемі5,72 Mb.
#158178
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   297
Байланысты:
Uchebnik Gigiena-kaz yaz (копия)

Χ- ТАРАУ. ЕМДЕУ – АЛДЫН АЛУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ГИГИЕНАСЫ.


Емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы (аурухана гигиенасы), аурухана ішілік орта факторларының науқастар мен медицина қызметкерлеріне әсерін зерттеп, науқастардың ауруханада болу жағдайын жақсартуға, емдеу үрдістерін нәтижелі жүргізуге, медицина қызметкерлеріне қолайлы еңбек жағдайын жасауға бағытталған гигиеналық нормативтер, талаптар, ережелер дайындайды.
Емдеу-алдын алу мекемелері – бұл, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсететін және алдын алу шараларын жүзеге асыратын медициналық мекемелер жүйесі. Атап айтқанда, оларға науқастарды стационарлық емдеуге арналған әр түрлі саладағы аурухана мекемелері, амбулаторлық-емханалық мекемелер мен диспансерлер (туберкулезге қарсы, тері-венерологиялық, психо-неврологиялық, т.б.). перзентханалар, балалар және әйелдер консультациялары, жедел жәрдем беретін емдеу мекемелері, шипажай-курорттық мекемелер және т.б. жатады.
Аурухана – денсаулық сақтау қызметінің негізгі емдеу-алдын алу мекемесі. Мүнда ауру түрін анықтау, емдеу, алдын алу және қалпына келтіру шаралары, сонымен қатар, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің мамандығын жоғарылату және халықты санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.
Науқастар үшін аурухана, тек қана ем қабылдайтын мекеме емес, сонымен қатар олардың уақытша болатын орны. Үйде қалыптасқан үйреншікті стереотиптің ауруханадағы басқа тәртіпке ауысуы, сырқатына байланысты хал-жағдайының нашар немесе ауыр болуы, әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің функционалдық жағдайының бұзылуы, гипоксия және гиподинамия жағдайлары науқастардың көптеген тітіркендіргіштерге сезімталдығының жоғары болуына ықпал етеді. Олардың қоршаған орта факторларының әсеріне, оның ішінде, жұқпалы ауруларға қарсы тұру мүмкіндігі төмендейді, бұл аурухана ішілік инфекцияның дамуы мен аурулардың асқыну қаупін жоғарылатады.
Сондықтан, науқастарды стационарлық емдеудің жетістігі, көбінесе олардың ауруханада болу жағдайымен байланысты. Жарық, кең, таза палаталар, бөлмедегі таза ауа, тыныштық, құнды және дәмді тамақтану, жеткілікті ұйықтау, күнделікті душ және ванна қабылдау, ағаш, талдардың арасында серуендеу мүмкіншілігі емдеу үрдісінің өзінен емдік маңыздылығы кем емес факторлар болып табылады. Белгілі орыс терапевті В.А.Манассеин (1841-1901) : «терапия –бұл, біріншіден, ауру адамның гигиенасы, егер науқасқа қажетті гигиеналық жағдайлар жасалмаса, онда ол дәрменсіз»-деген.
Аурухана мекемелерін жоспарлау, науқастарды орналастыру, ауруханаларды жабдықтау және күтіп ұстау жөніндегі гигиеналық талаптардың сақталуы да, қазіргі кездегі әлемнің көптеген елдеріндегі өзекті мәселе болып отырған аурухана ішілік инфекциялардың алдын алудың қажетті шарттары болып табылады. Және де бұл мәселе, бұрыннан емдеу үрдісімен қатар келе жатқан фактор ретінде, тек қана жұқпалы аурулар, хирургиялық және босану бөлімшелерінде ғана емес, басқа да барлық бөлімдерге қатысты.
Қазіргі кездегі аурухана ортасының және медицина қызметкелерінің кәсіби іс- әрекетін орындауымен байланысты факторлары медицина қызметкерлерінің денсаулығына да әсер етеді. Мұндай факторларға, мысалы, шамадан артық психоэмоционалдық жүктемелер, статикалық және динамикалық дене жұмысының жүктемелері, түнгі қызмет, инфекция жұқтыру мүмкіншілігі, иондаушы және иондаушы емес электромагниттік сәулеленулердің, ультрадыбыстың, қолайсыз микроклимат жағдайларының, ауаның ластануының, т.б. әсерлері жатады. Еңбек жағдайының жақсы, салауатты болуы, медицина қызметкерлерінің денсаулығын сақтау ғана емес, сонымен қатар, өздерінің мамандығына байланысты міндеттерін нәтижелі атқаруы үшін де маңызды.
Медициналық көмек көрсету деңгейі медицинаға ғылымның жаңа жетістіктерін енгізумен түйіндес болып келеді. Бірақ, көптеген жаңа емдеу мен диагностика әдістері және оларды аспаптармен қамтамасыз ету, гигиеналық талаптарға сай келетін жағдайлар жасауды талап етеді. Мысалы, лазерлерді медицина практикасына енгізу, олармен жұмыс істеу үшін бөлек бөлмелердің болуын және қорғаныс шараларының сақталуын талап етті, магниттік-резонанстық диагностиканы қолдану – құрылыстық-жоспарлау шешімдерін және т.б. қажет етті.
Сонымен, ауруханаларды жоспарлау, құрылысын салу және жұмыс істеу кезінде, ауруханаларды гигиеналық тұрғыдан аббаттандыру сұрақтарын тиімді шешу үшін, келесі қағидаларды іске асыру керек:
1. Стационарда науқастардың болуына қолайлы жағдай туғызу, емдік-қорғаныс тәртібін қамтамасыз ету;
2. Аурухана ішілік инфекцияларды болдырмау;
3. Тиімді емдеу үрдістері мен алдын алу шараларын жүргізуге асыру үшін жағдай туғызу;
4. Медицина қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайын жасау;
5. Рационалды тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
6. Ауруханада жаңа емдеу, диагностика әдістерін, жаңа аспаптар мен жабдықтарды енгізу үшін жағдай қамтамасыз ету;
7. Ауруханада медицина кадрларын дайындауға мүмкіншілік туғызатын жағдайларды қамтамасыз ету;
8. Науқастар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттау үшін жағдайлар туғызу.
Бұл қағидалардың бәрін орындау үшін, ауруханаларды жоспарлау мен салудың бірінші кезеңдерінде-ақ негіз қаланады: ауруханаларды орналастыратын жерін, жер телімін таңдау, құрылыс жүйелерін таңдау, аурухана мекемелерін жобалау кезеңдерінде. Қағидалардың жүзеге асырылуы келесі кезеңдерінде де жүргізіледі – бөлімшелерді орналастыруда, ішкі жоспарлау және қайта құру шешімдерінде, керек - жарақтармен жабдықтауда, санитарлық-техникалық безендірілуінде, ғимаратты жабдықтауда және жұмыс істеп тұрған аурухана мекемесін санитарлық жағынан күтіп ұстауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   297




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет