132
ажыратқышын алғашқы қосқышымен жалғастыра отырып
шеңберлейді де, алғашқы триггерді 1 жағдайға алып келеді. Егер
ендігі кезекте тіркегішке жылжу импульстерін беретін болса, онда
әрбір импульспен тіркегіш триггерлері 1
жағдайға кезекпен ауыса
бастайды, яғни шығу сигналдық белгісі тіркегіштің барлық
ажыратқышында кезекпен пайда бола бастайды. Нәтижесінде
электрлік
тізбектер коммутатордың қосқышына (ажыратқышына)
кезекпен
қосыла бастайды, онымен қоса, соңғы тізбекті қосқаннан
кейін бұл үрдіс қайта қайталанатын болады.
Осылайша қосылған
жылжымалы тіркегіш сақиналы есептеуіш деп аталады
.
Қайта қосылғыш элементтер байланысты және байланыссыз
болуы мүмкін.
Байланысты элементтер ретінде, көбінесе, жылжымалы электрлік
байланыстардың жылжуымен қайта қосылатын тізбектер болып
табылатын электромагниттік реле қолданылады.
Реле кең
ауқымдағы және басқарушы сигналдың аз қуаттылығы
жағдайындағы тоқ күші тізбегін қайта қосуға қабілетті. Олар ең кіші
тоқтар (микроамперлер) және кейбір датчиктерден (микровольттар)
келіп түсетін тоқ күштерін байланыстыруда маңызды болып
табылады. Заманауи
реле көлемі жағына шағын, бағасы да арзан,
температураның кең ауқымында жұмыс істейді. Олардың кемшілігі
—
жоғары инерциялығы (қосылу уақыты — бірден жүзге дейін
миллисекунд).
Айтарлықтай жылдам әрекет
етуде байланыссыз жартылай
өткізгішті қайта қосқыш элементтер – транзисторлар мен
тиристорларды (қосу барысында микросекундтарды құрайды) айтуға
болады.
5.18-
сурет. Жылжымалы тіркегішті байланыссыз коммутатор (қою түсті
кілттер жабылған]
133
Транзисторлы кілттердің жұмыс жасау тәртіптері бұған дейін
5.4.2.бөлімде
қарастырылған
болатын.
Коммутацияланатын
тізбектердің өзара байланысын азайту
мақсатында қайта қосқыш
элементтер ретінде, жабық күйінде өте жоғары қарсылық күшке ие
өрістік транзисторлар қолданылады
. Тиристорлар өте жоғары тоқ
күштерін қайта қосуға қабілетті (жүздеген амперлерге дейін), алайда
олардың жылдам әрекет етулері төмен болып келеді.
5.18 суретте жылжымалы
тіркегішпен басқарылатын, төрт
қосқышты және бір ажыратқышы бар өрісті транзистордағы
байланыссыз коммутатордың сызбасы келтірілген.
Төрт қосқышты және бір ажыратқышы бар коммутаторлар
мультиплексорлар
деп аталады және әдетте оларға арналған ортақ
күштегіштің немесе балама-сандық
қайта қосқыш қосқышына
датчиктерден келіп түсетін сигналдық белгілерді кезекпен қосу үшін
автоматтық жүйелерде қолданылады. Бір қосқышты және төрт
ажыратқышы бар коммутаторлар
демультиплексорлар
деп аталады
және қажетті басқарушы механизмге басқарушы сигналдық
белгілерді беру үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: