Патологиялық мастану
259
Мастануды және оның дәрежесін аныктау үшін негізгі мәліметгі клиникалык
көрінісі береді. Сонымен катар, олар алкогольдің организмдегі кұрам бөлігін
және оның концентрациясын аныктайтын біркатар зертханалык әдістермен
және сынамалармен негізделеді.
Тыныспен шыккан ауада алкоголь бар-жоғын дәлелдейтін сапалык реакция
Раппопорт реакциясы болып табылады. Бұл кезде алкоголь күкірт кышкылыныщ
катысуымен ацетальдегидке айналады және калий перманганаты ерітіндісінің
тамшыларын коскан кезде түссізденеді. Шоймош модификациясындағы Вид-
марк әдісі анағұрлым дәлірек болып табылады, бұл кезде сандык аныктау
әдісімен кандағы алкоголь концентрациясы аныкталады. Бұл әдіс Видмарктың
арнайы колбасы ішінде алкогольдің бір уакытты дистилляциялануы мен
тотығуына негізделген.
Алкогольдік мастану фактісін аныктау үшін Л.А. Мохов және И.П. Ш ин-
каренко ұсынған индикаторлы түтіктер кеңінен колданылады. Бұл түтіктерде
кұрғак реагент — мактаға сіңірілген хром ангидридінің концентрацияланған
күкірт кышкылындағы ерітіндісі бар. Алкогольдің тыныспен шыккан булары
индикатордың сары түсін жасыл немесе көгілдір түске өзгертеді, осылайша,
тыныспен шыккан ауада алкоголь бар екенін көрсетеді (бұл оң реакция ретінде
бағаланады).
Алкогольдің кандағы максималды концентрациясын аныктаудың дәл әдісі
В.Ф. Пономоревтің газды-сұйыктыкты хроматографиясы болып табылады. Бұл
әдіс алкогольдің этилнитратка айналуына, артынан түзілген өнімнің газды
хроматографта тіркелуіне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: