Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет149/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

А Л КО ГО Л ЬД ІПАРАНОИД
Алкогольді параноид
— клиникалық көрінісінде нақты мазмұны бар, қара- 
пайым санд^ірақпен өтетін галлюцинаторлы-параноидты синдром басты көрініс 
беретін ж әне аны қ сана фонында айқындылық дәрежесі төмен вербальды 
галлюцинациялармен жүретін алкогольді психоз.
Бұдан 100 жыл бұрын Г. Ленц қазіргі уақытта алкогольді параноид деп ата- 
латын алкогольді психозды алғаш суреттеген. Кейінірек И.В. Стрельчук (1949 ж) 
алкогольді параноидты алкогольді психоздың жеке формасы түрінде бөліп, 
сипаттама берген.
Клиникалық көрінісі және дифференциалды диагностикасы
Алкогольді параноид клиникасындағы негізгі синдром 
қызғаньш
немесе 
соңына түсу сандырағы
болып табылады, 
эсер ету
сандырақтық идеялары да 
кездеседі.
Сандырақтық идеялар мазмұны бойынша нақты, науқастың айналасындағы 
шындықпен және нақты адамдармен байланысты (әйелімен, көршілерімен, 
қызметтестерімен, достарымен). Науқас күйзелістері эмоционалды қаныққан, 
науқастар бойын қорқыныш, үрей билейді. Олардың жүріс-тұрысы, әрекеттері 
сандырақ фабуласымен байланысты. Науқас агрессивті болуы мүмкін.
Қызғаныш сандырағына шалдыққан науқастың жүріс-тұрысы тәртіптілігімен 
ерекшеленеді, жиі науқастар өзінің санды рақтық идеяларын жасырады, 
сондықтан оларды диагностикалау қиын және олар әлеуметтік қауіптілік ту- 
ындатады. Сандырақпен қатар науқаста фрагментарлы есту, сирегірек — көру 
галлюцинациялары байқалуы мүмкін. Науқас әрқашан дерлік орын, уақыт және 
өзіндік тұлғасы бойынша бағдарланған.
Алкогольді параноид ағымына қарай 
жедел
бұзақтығы 3—4 апта), 
жеделдеу
(2—3 айға дейін) және 
созылмалы
(3 айдан жоғары) болып бөлінеді.
Алкогольді галлюциноздың созылмалы түрінде эмоциялық қанықтылық 
пен айқындылық бәсеңдейді.
Алкогольді параноид пен галлюциноз арасындағы 
дифференциалды диагнозы
басым белгілеріне сүйеніп жүргізіледі.
Алкогольді параноидты параноидты шизофрениядан ажырату сандырақтың 
нақтылығына, қарапайымдылығына сүйеніп жүргізіледі.
Емі
Алкогольді параноидты емдеудің жалпы принциптері алкогольді галлюци­
ноз емінің принциптерінен айырмашылығы жоқ. Науқас стационарда емделуі 
қажет.


272
XVI Тарау. Алкогольді (металкогольді) психоздар
Писихотропты дәрілерді таңдағанда 2 - 3 препаратты (галоперидол, ам и­
назин, тизерцин) үйлестіріп колдану ұсынылады. — Н ейролептиктермен 
ұзак уакыт емдегенде, оларға корректорларды (циклодол, паркопан және т.б.) 
косу кажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет