Алкогольді галлюциноз
269
кұрамындағы токсикалық заттарды байланыстыратын сульфгидрильді топтардың
болуымен байланысты. Көбінесе унитиол қолданылады, дене салмағының
10 кг-на 5% 1 мл ерітінді есебінде.
Гипертониялық (40% глюкоза ерітіндісі, мочевина, магний сульфаты) және
изотониялық (9% NaCL ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі) ерітінділерін енгізу
көрсетілген.
Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі (ең жақсысы — бал қосылған сүт).
Антипсихотикалық терапияның негізгі мақсаты — қозуды жою және ұзақ
ұйқы шақыру (16—18 сағатқа дейін). Бұл мақсатқа жету үшін көктамырға транк-
вилизаторлар (5% 4—5 мл седуксен ерітіндісі), сонымен қатар, бұлшықетке
димедрол, пипольфен (0,05 г-нан) егеді.
Соңғы жылдарда дәрігерлер бұл жағдайда психотропты дәрілерді (әсіресе
фенотиазин туындыларын) қолданудан бас тартуда, бұл препараттар жиі
асқынулар туғызып, аурудың өміріне қауіп төндіреді. Барбитураттарды өте
сақтықпен қолдану қажет, олардың улы әсері ауыр интоксикацияны одан
сайын тереңдете түсуі мүмкін.
Алкогольді делирий терапиясыны ң басты мақсаты — жүрек қызметін
қалыпты ұстау, оны сүйемелдеу (корглюкон, кордиамин және т.б.), артериалдық
қ^ісымның төмендеуінің алдын алу және мүмкін болатын асқынулармен күресу
болып табылады. Ауыр делирий кезінде заманға сай реанимациялық тәсілдер
қолдану керек (гемодиализ, гемосорбция).
Достарыңызбен бөлісу: