Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


АЛКОГОЛИЗМ КЕЗІНД ЕГІ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет143/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

АЛКОГОЛИЗМ КЕЗІНД ЕГІ ПАТОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ 
Ө ЗГЕ Р ІС ТЕ Р
Үзак жылдарға созылған алкогольді интоксикация адам ағзасының әр түрлі 
жүйелері мен мүшелерінде әр түрлі патоморфологиялык өзгерістер туғызады. 
Бұл кезде, әсіресе, жүйке жүйесі және ерекше, бас миы зардап шегеді.
Бұл патология бүкіл жүйке жүйесіне таралған диффузды, сонымен катар, 
ошакты да болуы мүмкін (эпендима астына, ІІІ карынша түбіне, мидың су 
түтігіне кан кұйылулар).
Жүйке жасушаларының некрозы және жоғалулары нәтижесінде үлкен ми 
кыртысының цитоархигектоникасы бұзылады, ол басым 3 - 4 - 5 кабатта арал- 
шалар түріндегі жасушаларда болады, олар патологиялык өзгерген кан тамыр- 
лармен байланыскан және маңдай бөлігінде аса айкын көрінеді.
Жүйке жасушалары дистрофияланып өзгеріп, гипоксия кұбылысы айкын 
болады. Кейбір нейрондарда ядро атрофиясы, лизисі байкалып, нейрондардың 
күйреуі байкалады. Глиялардың пролиферативті реакциялары аныкталады.
М ишыкта, сопакша мида, кыртыс асты түйіндерде, көру төмпешігінде, 
құйрыкты денеде және бұршак тәрізді ядрода дистрофиялык және атрофиялык 
өзгерістер болады. Ми бағанасында және жұлында жүйке талшыктары ыды- 
райды, жүйке талшыктары, ең алдымен, козғалыс жүйке талшыктары пато- 
логиялык өзгеріске ұшырайды.
Микроскопиялык зерттеулер мәліметі бойынша, кан тамыр кабырғаларының 
склерозы, гиалинозы және калыңдануы, нейрондар дистрофиясы түрінде кан 
тамырлар закымдануы байкалады.
Морфологиялык өзгерістер ішкі мүшелерде де байкалады және миокардтың 
майлы инфильтрациясы, бауырдың майлы кайта түзілуі түрінде көрінеді.
Морфологиялык зерттеу кезінде жүректе ошакты «закымдану» түрінде көрі- 
нетін миокард кан тамырлары мен бұлшыкет талшыктарының өзгерістері байка­
лады, ол алкогольдік миокардиодистрофияның негізін калайды және алкоголизм 
кезінде жүрек жеткіліксіздігі дамуына морфологиялык субстрат болып табылады.
ЕМІ
Алкоголизмнен зардап шегетін наукастардың емі олардың реадаптациясы- 
мен және реабилитациясымен тығыз байланысты.
Алкоголизм — наукастың өзі, оның туыстары, жакындары және коғам зар­
дап шегетін ауру. Алкоголизмнен зардап шегетіндерді емдеу психиканың 
алкогольдік өзгерістерін, деградацияны ескере отырып (сыни көзкарастың 
төмендеуі және т.б.) наукаста емделуге талпыныс болмаған жағдайда да жүргізілуі 
керек. Дәрігер наукаска өз еркімен емделудің кажеттігін наукас санасына жеткізу


262
XV Тарау. Алкоголизм
үшін көп күш жұмсап, психотерапиялык әсер көрсетуі кажет және емделгеннен 
кейін алкогольді колданудан абсолютті түрде бас тартуына ыкпал етуі керек. 
Қажет жағдайда дәрігер наукастың туыстары, достары және кызметтестерінің 
көмегін іздеуі керек. Емді мүмкіндігінше ерте бастау кажет.
Кейде наукаска күштеу, мәжбүрлеу колданған дұрыс, ем барысын катаң 
сактау кажеттігін айту керек ж әне ем кабылдаудан бас тарткан жағдайда 
коғамдык жаза колдану мүмкіндігімен коркыту да кажет. Барлык шараларды 
микроәлеуметтік ортаны сауыктырумен катар жүргізу керек.
Наукастың өз жағдайына сыни көзкарасы төмендегенде немесе болмағанда, 
ал алкоголизация және асоциалды жүріс-тұрыс аса айкын болса, күштеп емдеу 
колдануға кажеттілік туады.
Созылмалы алкоголизммен ауыратын наукастар тұрғылыкты жері бойынша 
денсаулык сактау жүйесінің емдік-профилактикалык мекемелерінде арнайы 
емнің толык курсын өтулері керек. Емдеуден бас тартатындарға, коғамдык 
тәртіпті бұзғандарға Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі емдік-еңбектік про- 
филакторияларында күштеп емдеу және еңбектік тәрбие жүргізіледі.
Мұндай наукастарды емдеу 
кешенді
(колданылатын емдеу әдістерін ескере 
отырып), 
индивидуалды
(тұлғалык ерекшеліктерді, алкоголизм сатысын және 
соматоневтрологиялык статусын есепке ала отырып), 
узақ
және 
уздіксіз
(аурудың 
патогенетикалык механизмдерін есепке ала отырып) болуы керек.
Алкоголизмнен зардап шегетін науцастар емінің схемасы.
I. П сихотерапиялык әдістер ж әне микроәлеуметтік ортаны өзгертуге
бағытталған әдістер.
II. Медикаментозды терапия.
1. Дезинтоксикациялык терапия.
2. Седативті терапия.
3. Ішкі ағзалардың кызметін калыпка келтіретін терапия.
4. Сенсибилизациялаушы терапия.
5. Шартты рефлекстік терапия.
Алкоголизмнен зардап шегетін наукастың емі оның өз дертін саналы 
түсінуіне, бұрынғы коршаған ортасына карым-катынасын кайта кұруға, ал 
кейде алкоголь колдануды толыктай болдырмайтын тұлға өмірінің бүкіл мәнін 
өзгертуге бағытталуы керек. Бұл психотерапияның әр түрлі әдістерімен және 
микроәлеуметтік ортаны өзгертумен іске асырылады.
Д әрілік терапия алкогольге әуестікті демеп тұратын патогенетикалык 
механизмдерді кайта кұруға бағытталған. Оған кальций тұздарын, әсіресе, 
кальций хлоридін, глицерофосфатты, магний сульфатын колдану аркылы кол 
жеткізуге болады. Бұлар тек тұз алмасуын калпына келтіріп кана коймай, со- 
нымен катар эмоционалды кернелісті басып, седативті эффект көрсетеді. 
Инсулинің аз мөлшерін тағайындау алкогольдің толык жанбау өнімдерінің 
тотығуын жылдамдатуға ыкпал етеді. Глутамин кышкылының препаратгарының 
колдану ГАМҚ метоболизмін белсендендіреді ж әне аминкышкылдардыщ 
бұзылған алмасуын калпына келтіреді.
Сонымен бірге, психикалык үрдістерді реттеу кажет, ол үшін психотерапи- 
ямен катар кернеліс күйін, жабыркауды, үрейді жоятын седуксен, тазепам, 
грандаксин сиякты жеңіл транквилизаторларды тағайындау керек.


Профилактика
263
Ішкі мүшелердің бұзылған қызметін қалыпқа келтіруге және ағзадағы дәру- 
мендік құрамды, әсіресе, В тобының дәрумендерін қалпына келтіруге ықпал 
ететін ем тағайындалады.
Нақты алкогольге қарсы дәрілік терапия, оған жиіркеніш сезімін тудыруға, 
ағзаның оған сенсибилизациялануына бағытталған. Алкогольге жиіркеніш 
сезімін шартты рефлекс туындату тәсілімен шақырады. Жиі апоморфинотера- 
пия әдісімен алкогольге деген жүрек айну, құсу реакциясын туғызады. Науқастың 
тері астына құсу шақырғанға дейін 0,2-ден 1,5 мл-ге дейін 1%-дық апоморфин 
ерітіндісін енгізеді (мөлшерін күн сайын 0,1 мл-ге көбейтіп отырады). Құсуға 
жақындағанда науқасқа 50 мл алкогольді ішімдік береді. Ем алкогольге шарт­
ты рефлекторлы құсу реакциясы берік қалыптасқанға дейін созылады.
Алкогольге ағзаның сенсибилизациялануына антабус (антэтил, тетурам 
және т.б.), кальций карбамиді цитраты, метронидазол, фуразолидон және басқа 
препараттарды қолдану арқылы қол жеткізіледі. Тетурам — алкогольге сенси- 
билизациялайтын аса кең тараған препарат. Оның әсері тетурамның (антабус) 
адам ағзасында алкоголь метаболизмінің қалыпты (тотығуын) үрдісін ацеталь- 
дегид сатысында үзуіне негізделген. Организмде жиналған ацетальдегидтің 
токсикалық әсері тетурам алкогольдік реакция пайда болуына алып келеді: тері 
жабындысының қызаруы, тыныс пен жүрек соғысының жиілеуі, артериалдық 
қан қысымының төмендеуі, үрей және қорқыныш сезімдерінің пайда болуы 
және т.б.
Антабуспен емдеуге төмендегідей қарсы көрсеткіштер бар: полиневриттер,
ІІ—ІІІ сатыдағы гипертониялық ауру, ауыр қан тамыр аурулары, бауыр цирро­
зы, жаңа пайда болған және тіндердің ыдырауы сатысындағы туберкулез, про- 
цессуалды психикалық аурулар.
Эффект ұзаққа созылуы үшін антабуспен курсты ем жүргізіледі, ем күніне 
0,25—0,5 г дозадан басталып, емнің 3—5 күндерінде антабусты-алкогольдік 
сынамалар (30—50 мл арақ беріледі) жасалады. Емнің бір курсы 3—5 ретке дейін 
сынамадан тұрады. Кейін науқасты күніне 0,5—0,25 г антабус мөлшерімен 
сүйемелдеуші терапияға ауыстырады.
Алкогольге қарсы емнен кейінгі ремиссия ұзақтығы туралы авторлардың 
арасында ортақ пікір жоқ. Ол әр түрлі факторларға тәуелді. Дұрыс ұйым- 
дастырылған ем ж әне медико-әлеуметтік бақылау алкоголизм кезіндегі 
терапиялық ремиссиялардың мерзімін едәуір ұзартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет