ПРОФИЛАКТИКА
Алкоголизм профилактикасы үшін әлеуметтік және медициналық шаралар
кешенін қолданады. Алкогольді шектен тыс пайдаланатын адамдарды анықтау
ж ән е емдеуді ұйымдастыру бойы нш а жұмыс тұрғындарды кең ін ен
ұйымдастырылған алкогольге қарсы тәрбиелеу жұмысы фонында жүргізілуі
керек. Алкогольге қарсы үгіт маскүнемдік пен алкоголизм таралуына ықпал
ететін медико-әлеуметтік салдарды, факторларды және ерекшеліктерді ескере
отырып жүргізіледі. Ол спиртті ішімдіктерді өндіруді және сатуды шектейтін
шаралармен ұштастырылады.
264
XV Тарау. Алкоголизм
ДДҮ ұсынысы бойынша профилактиканың 3 сатысы ажыратылады. Алко-
голизмге катысты колдануға болатын
ілкі
профилактика — маскүнемдіктің
және алкоголизм дамуының алдын алу;
салдарлық
профилактика — рецидивке
карсы терапия курсымен жалғастырылатын кеш енді ем;
ушіншілік
—
наукастардың әлеуметтік реабилитациясы мен реадаптациясы.
Алкоголизм профилакгикасының анағұрлым тиімді шарасы өсіп келе жаткан
ұрпакты алкогольге карсы тәрбиелеу болып табылады. Алкогольдің (аз
дозасының өзінде) ағзаға әсері мен алкоголизмнің дерт ретінде түзілу каупі
жөнінде тұрғындарды таныстыру максатында санитарлык-ағарту жұмыстарына
ерекше мән берілуі керек.
Окушылармен, жасөспірімдермен профилактикалык жұмыс жүргізу өте
маңызды және алкогольдің тұлға денсаулығына ж әне коғам үшін де зияны
жөнінде білім игерулеріне бағытталған.
Санитарлык-ағарту жұмыстары шеңберінде алкоголизмді ерте аныктау
максатында, тұрғындар арасында маскүнемдік пен алкоголизмнің алғашкы
белгілері жөнінде білімді тарату кажет. Алкоголизмді аныктау әдістері осы
максатка бағынулары керек: өндірістік мекемелердегі медициналык бакылау
(тәртіп бұзушыларды тұракты медициналык бакылау және кезектен тыс тек-
серу), үйлер мен жатакханалардағы коғамдык бакылау және ең аяғында маста
ну жағдайынан айыктыру орындарына түскендерді катаң есепке алу ж әне
медициналык куәландыру.
Екінші реттік профилактика кешенінде алкогольге карсы сүйемелдеуші
терапиямен катар наркологиялык диспансерлердің, коғамның ж әне өндіріс
жетекшіліктерінің бірлескен жұмысымен іске асырылатын әлеуметтік-ағарту
шараларына үлкен көңіл бөлген дұрыс.
Алкоголизм рецидивтерінің алдын алу шараларынан тұратын индивидуалды
профилактиканың аса үлкен маңызы бар. Бұл кезде психотерпиялык жұмыс
тек наукаспен ғана емес, оның отбасы мүшелерімен, баска да жакын адамда-
рымен де жүргізілуі керек. Алкоголизм рецидиві профилактикасында индиви-
дуалды режимді сактау (ұйкы, тағам кабылдау), бос және жұмыс уакытының
наукас ойын алкогольден алаңдататын іс-әрекетпен толыктырылуы аса маңызды.
Алкоголизм рецидивтері профилактикасының маңызды сәті салауаттылык
клубтарын ұйымдастыру ж әне олардың кызметі болып табылады, оның
мүшелерін бұрынғы наукастар кұрайды. Бұл клубтар наркологиялык диспан-
серлер жанынан ұйымдастырылады және оның жұмысы медициналык кыз-
меткерлер бакылауымен және коғам мүшелерінің катысуымен жүргізіледі. Бұл
ұйымдардың басты максаты — наукастың тұлғалык ерекшеліктерін ескере
отырып психотерапиялык бағдарлама жасау, наукастың коршаған ортаға карым-
катынасын кайга кұру, бос уакытын дұрыс пайдалануына жағдай жасау.
Алкоголизм профилактикасын оптималды ұйымдастыруға негізгі шарт —
бүкіл емдеу-проф илактикалы к жүйенің, әсіресе, кы зметінің негізінде,
тұрғындарды жалпы диспансеризациялайтын емханалык звеноның жұмыс істеуі
болып табылады.
Емханалар ж аны нан ұйымдастырылған психотерапиялык кабинеттер
маскүнемдік пен алкоголизмнің алғашкы белгілерін табуға мүмкіндік береді.
|