Алкогольді делирий
267
болады, бір жаққа қашуға тырысады, біреулерден қорқып, қорғанады. Бұл кезеңде
науқас агрессивті болуы мүмкін (қорғанады немесе «дұшпанына», ізіне түскендерге
қарсы әрекет жасайды), сондықтан әлеуметтік қауіпті болып саналады.
Психопатологиялық симптоматиканың кері дамуы кезіндегі алғашқы
қолайлы белгілердің бірі науқаста ұйқының пайда болуы болып табылады
(табиғи немесе препараттармен шақырылған). Үзақ ұйқыдан кейін ауру психоз
жағдайынан шығады.
Психоздан шыққаннан кейін науқас айқын астениялық күйге түседі. Содан
кейін науқаста психотикалық бұзылыстарға сыни көзқарас пайда болады. Де-
генмен ол бірден толық пайда болмайды, өткерген психоз жағдайына науқастар
жеңіл қарайды. Алкогольді делирий ұзақтығы орташа есеппен 3—4 тәулік,
уақытында қолданылған ем ұзақтығын бірнеше сағатқа қысқартады.
Алкогольді делирийдің ауыр түрінде қимылдық қозу төсек деңгейімен
шектеледі, тактильді галлюцинациялар пайда болады, науқас үстінен насеком-
дарды түсіргендей, ауыз қуысынан жіп, шаш алған тәрізді қимылдар жасайды,
былдырлайды. Делириозды жағдай есеңгіреуге, сопорға ауысады, ақырында
кома дамиды, әрі қарай ауру жағдайы ауырлай түскенде жүрек-қантамырлық
жеткіліксіздіктен өлім жағдайы орын алады.
Кейде делирий жағдайынан шыққаннан кейін, бұл синдромның симптома-
тикасы абортивті түрде бірнеше күннен кейін қайталанады.
Делириозды жағдайға тән психикалық бұзылыстар айқын неврологиялық
және соматикалық бұзылыстармен қосарлана жүреді.
Алкогольді делирийге тән жиі кездесетін
неврологиялық симптомдар
жалпы
тремор болып табылады, Ромберг позасында тербеліс байқалады, сіңірлік рефлек-
стер күшейеді, горизонтальды нистагм болады. Алкогольді делирийдің ауыр түрінде
оральды автоматизм, бұлшықеттер тонусының бұзылысы, атаксия пайда болады.
Соматикалық бузылыстар
тамырлық патология түрінде көрінеді: терінің,
әсіресе бет терісінің гиперемиясы, склера тамырларының инфекциясы, тахи
кардия. Дене қызуды 38—39 °С-ге дейін көтеріледі
Паренхиматозды мүшелер (бауырдың, бүйректің) қызметтерінің бұзылыстары
анықталады. Алкогольді делирийдің жиі кездесетін асқынулары пневмония,
гепатит, панкреатит болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: