Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет148/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

АЛКОГОЛЬДІ ГАЛЛЮЦИНОЗ
Алкогольді галлюциноз
— алкоголизммен ауыратын науқастарда дамитын, 
клиникалық көрінісінде шынайы вербальды галлюцинациялар басымдылық 
көрсететін психоз. Бұл кезде науқас санасы формальды түрде анық.
Осы психозды зерттеп бастаған алғашқы онжылдықта бұл психоз жеке 
форма түрінде сирек кездесетін ауру ретінде қарастырылды. Соңғы уақыт 
мәліметтері бойынша, жедел алкогольді психоздар ішінде алкогольді галлюци­
ноз бен алкогольді параноидтың кездесу жиілігінің салыстырмалы түрде 
өскендігі бақылануда.
Клиникалық көрінісі және дифференциалды диагностикасы
Алкогольді галлюциноздың клиникалық көрінісі шынайы, 
вербальды галлю-
цинациялармен
сипатталады. Галлюцинациялар науқас үшін жағымсыз сипатта 
болады: балағат, қауіп туғызу, жәбірлеу. Науқасты «алкоголик, отбасын күйреткен 
маскүнем» деп айтады. Бұл кезде науқас санасы айтарлықтай өзгермейді, науқас 
орын, уақыт, өзіндік түлғасы бойынша дүрыс бағдарланған.
Галлюцинациялық бұзылыстарға сыни көзқарас болмайды. Көңіл-күйі 
галлюцинация тематикасына сәйкес келеді, науқасты жиі үрей, күдік билейді, 
кейде науқас жабырқау күйде болады. Науқастың жүріс-тұрысы галлюцинация 
мазмұнымен анықталады. Соңы на түсу, қатынас санды рақтық идеялары 
қосылуы мүмкін.


270
XVI Тарау. Алкогольді (металкогольді) психоздар
Императивті галлюцинациялар наукастың өзі ж әне айналасындағылары 
үшін кауіпті, сондыктан да әлеуметтік кауіп те тудырады: наукас өзіне 
бағытталған бұйрыкты дауыстар естиді (мысалы, біреуді өлтір, терезеден секір 
деген сиякты). Бұл бұйрыктарды наукас орындауы мүмкін. Әрі карай вербальді 
галлюцинацияларға элементарлы тұраксыз көру галлюцинациялары косылуы 
мүмкін.
Ағымына карай алкогольді галлюциноз 
жедел
(2 күннен 4 аптаға дейін) және 
созьлмалы
болып бөлінеді. Сонымен катар, алкогольді галлюциноздың аралык, 
жеделдеу ағым типі де болады.
Жедел алкогольді галлюциноз жиі кенеттен, ереже бойынша, алкогольді 
ұзак уакыт шектен тыс колдануды токтатканнан кейін пайда болады, тұракты 
ұйкысыздыкпен, астениямен бірге жүреді. Көңіл-күйі төмендейді, кейде ша- 
малы кимылдык козу байкалады.
Алкогольді галлюциноздың пайда болуы мен дамуы тек алкогольдік улануға 
байланысты емес. Алкогольді галлюциноз дамуы үшін ұзак уакыт уланудан 
өзге, зат алмасу бұзылысы, бас миының органикалык өзгерістері, жаракаттар, 
конституционалды ерекшеліктер кажет.
Алкогольді галлюцинозды, әсіресе, созылмалы түрін, алкоголизммен 
аскынған шизофрениядан ажырата білу кажет. Соңғы жағдайға тұлғаның өзіне 
тән шизофрениялык өзгерістері, типті синдромдардың (соның ішінде алкогольді 
галлюциноздың да) кұрылымы мен алмасуы тән.
Емі
Жедел алкогольді галлюцинозбен сыркат наукастар, олардың коғамға 
кауіптіліктері нәтижесінде психиатриялык стационарға шұғыл госпитализаци- 
ялауды кажет етеді.
Олардың емі кешенді болуы керек. Емнің міндетті компоненті дезинтокси­
кация — алкогольді интоксикация салдарын жою болып табылады. Ол үшін 
алкогольді делирий кезіндегіден едәуір аз мөлшерде ж әне аз уакытка дез- 
интоксикациялык ерітінділер, витаминотерапия (В тобының дәрумендері) 
тағайындалады.
Жедел алкогольді галлюцинозды емдеуде продуктивті психотикалык симп- 
томатиканы жою басты міндет болып табылады. Алкогольді галлюционезбен 
ауыратын наукастарға психотропты дәрілер тағайындалады: галоперидол 
(тәуліктік мөлшері 0,01-0,015 г), тизерцин (тәуліктік дозасы 0,15-0,2 г), эта- 
перазин (0,03-0,04 г). Бұл нейролептиктермен емдеуді артериялык кысымды 
бакылай отырып, бұлшыкетке енгізуден бастау керек.
Емдеу кезінде аскынулар болуы мүмкін: аллергиялык реакциялар, бұлшык 
ет спазмдары және т.б. Әсіресе, тыныс бұлшыкеттерінің спазмы өте кауіпгі. 
Нейролептиктердің тәуліктік дозасы бұлшык етке енгізу, ішке кабылдау кезінде 
де 3 -4 рет кабылдауға бөлінеді. Галлюциноз жойылғаннан соң 1-1,5 аптадан 
кейін доза төмендетіледі. Доза төмендетілген соң препаратты бір реттік (кеш­
ке) кабылдауға көшеді.


Алкогольді параноид
271
Алкогольді галлюциноздың созылмалы ағымында психотропты дәрілермен 
(галоперидол, аминазин, тизерцин) ұзақ ем курсы тағайындалады. Бұл кезде 
белсенді витаминотерапия және еңбек терапиясы жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет