Емі
365
жиналып және оның алмасуының жартылай өнімдерінің артық мөлшері түзіледі
(фенилпирожүзім және фенилмай мен фенилсірке қышқылдары).
Науқас балаларға өмірінің бірінші айларынан құрамында фенилаланині жоқ
арнайы диета тағайындау интеллектуалды жеткіліксіздік дамуының алдын алуға
мүмкіндік береді. Диетотерапия жүйелі түрде, үздіксіз бірнеше жыл бойы
(3—4 жылдан аз болмауы керек) жүргізіледі.
Ерте ж әне қы сқа уақыттық диетотепарияныщ тиімділігі кеш ж әне ұзақ
жүргізілген диетотерапиядан төмен.
Курсацтыц генезді олигофрения (эмбриопатиялар мен фенопатиялар).
Бұл
топқа ұрық тінінің вирустармен зақымдануы нәтижесінде дамыған олигофре-
ниялар жатады. Вирусты эмбриопатиялардың ең жиі тараған түрі — рубеоляр-
лы эмбриопатия болып табылады. Бұл жағдайда кемақылдық күрт
айқындылық
дәрежесінде ж әне идиотия формасында көрінеді (сирек имбецильдік дәре-
жесінде). Эмбриопатиялар анасының тұмау, эпидемиялық паротит, гепатит,
әр түрлі нейроинфекциялар және т.б. вирусты аурулары нәтижесінде дамиды.
Олигофренияның бұл тобына токсоплазмозбен байланысты формалары да
(науқас анасынан плацента арқылы ұрықтың токсоплазмозбен зақымдануы)
жатады. Үрық ерте зақымданған жағдайда өлі туылады, ал кеш жарақаттанса,
олигофрения дамиды (фенопатияның бір түрі).
Олигофрения нәрестелердің гемолитикалық
аурулары кезінде де дамиды
(резус-сәйкессіздік). Бұл дерттің негізінде анасының қаныны ң антигендік
құрамының ұрықтікімен сәйкес келмеуі жатыр. Ақыл аздық бұл кезде әр түрлі
дәрежеде көрігуі мүмкін, ол дебилдіктен идиотияға дейінгі аралықта болады.
Жиі экстрапирамидалық бұзылыстар байқалады. Бала туылған сәтте токсикоз-
ды болдырмау үшін алмастырушы гемотрансфузия жүргізу қажет.
Постнатальды зияндылыцтар нәтижесінде дамыған олигофрениялар.
Ең жиі
және қолайсыз себептері босану кезіндегі жарақаттар және нәрестенің асфик-
сиясы болып табылады. Кейде олар бірге кездесуі мүмкін. Ошақ локализаци-
ясына байланысты неврологиялық бұзылыстар да бақыланады.
ЕМІ
Олигофрениямен сырқат науқастардың емі медициналык және педагогикалық
іс-шараларды кеңінен қолдану арқылы кешенді және индивидуалды жүргізілуі
қажет.
Витаминотерапия (В тобының дәрумендері), гаммалон (аминалон), глутамин
қышқылы, церебролизин, гипертензионды синдром кезінде — дегидратациялық
терапия қолданылады. Ми қызметін ынталандыратын ж әне церебральды
метаболизмді белсендендіретін дәрілік заттар кеңінен қолданылады.
Психотикалық декомпенсация орын алғанда индивидуалды дозаларда ней-
ролептиктер тағайындалады: седуксен, аминазин, френолон, трифтазин, гало-
перидол, этаперазин, финлепсин (дисфориялар кезінде, агрессиялық реакци-
яларда, тырысулық ұстамаларда).
Олигофрения терапиясындағы негізгі бағыттың бірі — емдік-педагогикалық
шаралар кешенін жүргізу болып табылады. Олигофрендерді арнайы бағдарлама
366
XXVIII Тарау. Кемақылдық (олигофрениялар)
және әдіс бойынша максатты тәрбиелеу ж әне окыту неғұрлым ерте басталса,
соғұрлым олардың әрі карай еңбекке орналасуы және бейімделуі сәтті шығады.
Бұл наукастардың жүріс-тұрысын коррекциялау, оларда өзін күту дағдыларын
түзу, адаптациялык мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып табылады. Бұл
қызмет түрі интеллектуалды ақаулардың тұракт^ілығы мен кайтымсыздығына
байланысты шектеулі болғанымен, кандай да бір дәрежеде тиімділік көрсетеді.
Кемақылдықпен сырқат науқастар жүріс-тұрысының коррекциясына,
олардың адаптациялык мүмкіншіліктерін жоғарылатуға үлкен мән беріледі.
Әлеуметтік оңалтудың мақсаты
— олигофренияның жеңіл дәрежесімен
(дебилдік) зардап шегетін адамдардың біршама бөлігін қоғамдық пайдалы өмірге
араластыру.
Реабилитациялы қ жұмыстарды таңдағанда ақыл кемдігінің ауырлық
дәрежесімен катар дефект типі де ескеріледі, реабилитацияға эмоцоиналды
салмақгы, адекватты әлеуметтік түсініктері бар наукастар жаксы икемделеді.
Сот-психиатриялық сараптама
жүргізген кезде, олигофренияның айқын
дәрежесі — идиотия және имбецильдік кабілетсіздікті білдіреді.
Дебильдік кезіндегі кабілетсіздік интеллектуалды акау дәрежесіне тәуелді
болады. Бұл кезде тек интеллектуалды ақау ғана емес, сонымен қатар аффекгивті,
еріктік үрдістер ескеріледі. Үғымдар мен сын көзқарас деңгейін аныктауға аса
Достарыңызбен бөлісу: